ҰЛЫҚ КҮННІҢ ШАПАҒЫ

ҰЛЫҚ КҮННІҢ ШАПАҒЫ

ҰЛЫҚ КҮННІҢ ШАПАҒЫ
ашық дереккөзі

Құрбан айт – жылдың ең қадірлі мере­кесі. Исі мұсылман қауымына ортақ мерекені Сыр елі де ерекше құрметпен атап өтті. Құрбан айттың алғашқы күні таң сәрі­ден «Ақмешіт – Сырдария» мешітіне жиылған жұрт бір-біріне асқан ізгілікпен көңіл білдіріп, ниеттестік пейілдерін жауды­рып жатты. Ал осындай ұлық мерекенің шапағаты күздің жадыраңқы күнімен тіпті, нұр­ланып сала берді.

Жамағат алдында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыс бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт – Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Омаров сөз сөйлеп, құрбан шалу мен діни рәсімдердің тәртібін мазмұнды түрде жеткізіп берді. Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары Ержан Уәйіс өңірімізде мұсылмандық жолында жасалып жатқан игілікті істер мен жарқын бетбұрыстарды сөзге арқау етті. Мұнан кейін айт намазы оқылып, құлшылық еткен қауым мешіттің іші-сыртында түгел тізе бүгіп, сәждеге бас қойды. Құрбан айттың ізгілікті жолын жасау ауыл-ауылдарда да жарқын көрініс тапты.