Лев ТОЛСТОЙ: "МЕНI МЕЙIРIМДI МҰСЫЛМАН ДЕП САНАУЛАРЫҢЫЗДЫ ӨТIНЕМIН"

Лев ТОЛСТОЙ: "МЕНI МЕЙIРIМДI МҰСЫЛМАН ДЕП САНАУЛАРЫҢЫЗДЫ ӨТIНЕМIН"

Лев ТОЛСТОЙ: "МЕНI МЕЙIРIМДI МҰСЫЛМАН ДЕП САНАУЛАРЫҢЫЗДЫ ӨТIНЕМIН"
ашық дереккөзі
373

1851 жылдары Толстой Кавказдағы Терек өзенiне iргелес тұрған казак станицасында үш жыл тұрды. Осы тұста ерiктi түрде артынша әскери мiндетiн өтеп Кавказдағы әскери қимылға қатысқан ол тау халқының ерекшелiгiмен жақын танысады.

Ислам дүниетанымымен өмiр сүрген қарсы тараптың салт-дәстүрi мен мiнез-құлқы Толстойды кәдiмгiдей елiтiп әкеттi десе болады. Таңсық көрiнген мұсылмандар өмiрi кейiн оның "Казактар", "Шапқыншылық", "Орманды кесу" мен кештетiп жазылған "Қажымұрат" повестерiнде кеңiнен көрiнiс табады. Жазушы Ресейге оралысымен күнделiгiне "Соғыс пен Еркiндiк тәрiздi қос қарамақайшылық тосын әрi поэтикалық түрде үйлесе кеткен осы бiр тағы өлкенi тым жақсы көрiп кеткенi" туралы жазды. Өмiрден өткенде де орыс әдбиетiнiң алыбы Кавказдық достары туралы жақсы көзқарастан айныған жоқ. Толстойдың Исламға деген ықыласы уақыт өткен сайын күшейе түседi. Түрлi дiннiң өкiлдерiмен байланыс орнатқан жазушы, Мысыр мүфтиi, әйгiлi ислам реформаторы Мұхаммад Абдоның өзiмен хат алыса бастайды. Жазушы реформаторлармен қатар дәстүрлi мұсылмандықты жақтаушы бiрнеше татарлармен де пiкiр алмасып тұрды. Ислам ортасынан жырақта өскен Толстой, Мұхаммед әкелген тура дiн туралы хабары аз болса да, сол тұстағы батысқа бет бұрған Ресейдегi зиялы қауымның қалыбынан оңашаланатын бөлек пайымның иесi де… Рухани iзденiстерi ақыр соңында оны шiркеудiң маңызын қайта зерделеуге алып келдi. Иисус жөнiндегi ақиқатты табуға талпынған жазушы ақыры былай деп ой қорытады: "Өмiрдiң мәнiн өзiнше түсiндiруде шiркеу ойына келгенiн iстеп бақты. Өмiр заңы Иисус қағидаларына қайшы келдi, ал шiркеу жалған түсiнiктер ойлап тапты, яғни халық Иисус қағидаларына қайшы емес, керiсiнше үйлесiмдi өмiр сүрiп келедi-мыс. Бұл ақырында халықтың пұтқа табынушылардан бетер күн кешуiмен аяқталды, ал шiркеу мұндай өмiрдi ақтағаны былай тұрсын, Иисус iлiмiнiң мәнi осында деп тұжырымдады".

Шiркеу дiнге қайшы көзқарасы үшiн 1901 жылы жазушының православ шiркеуiнен аластатты. Бiрi iштен тынып, тағы бiр келесi пәленi күтiп жазушының кезектi қадамына көз жүгiртумен болады. Ал ұлы ойшыл бұл кезде Iнжiлдiң өзiндiк жаңа аудармасын жасау қамына кiрiскен. Көп кешiкпей "Мендегi қандай сенiм?" атты кiтап пен дiн iшiмдiктен таза өмiр жайлы мақалалар басып шығарып, Ресеймен одан тысқары жерлердегi руханиятiмен көптеп хат алмаса бастады.

Осы жылдары мұсылманға күйеуге шыққан орыс әйелi Е.Векилова: "балаларымды қай дiнде тәрбиелегенiм жөн" деп жазушыдан кеңес сұрайды. Үлкен iзденiс арқылы дiннiң ақ-қарасын айырған ойшыл оған тұшымды жауап бердi:

"Православиеге қарағанда, мұсылмандықты жоғары қоюға келер болсақ, мен мұндай таңдауды жан-тәнiммен қолдаймын. Шын мәнiндегi христиандық мұраттар мен христиандық iлiмдi жоғары қоятын мен үшiн бұлай айту – таң қаларлық нәрсе, дегенмен мен үшiн Ислам өзiнiң мән-мазмұнымен шiркеулiк православиеден айрықша биiк тұрғандығында ешқандай күдiк жоқ. Сондықтан егер адамға не шiркеулiк православиенi не Ислам дiнiн таңдау еркi қойылса, онда күрделi де түсiнiксiз үштiк, күнәнi жуу, құпия суреттерi бейнеленген әулиелер мен құлшылықтың күрделi түрiнен кез-келген саналы адамның Алланың жалғыздығы мен Елшiсiн мойындау қағидасын ұстанатын Исламды таңдайтынына еш күдiк жоқ…"

Жазушының азапты iзденiстерiнен туындаған мына бiр хатынан үзiндi келтiрейiк, мұнда ойшылдың өмiрлiк көзқарасы айқын көрiнедi: "Егер сiз менiмен бiрге бiр дiнде болсаңыз мен аса қуанышта болар едiм. Сонда сiз менiң өмiрiмдi аздап ұғынар едiңiз. Байлық, даңқ, құрмет секiлдi жетiстiктер қазiр менде жоқ.

Достарым, тiптi туыстарым да менен сырт айналды, либералдар мен эстеттер менi есуас санайды немесе Гоголь тәрiздi ақылы тайыз деп бiледi, революционерлер мен радикалдар қиялшыл мылжың көредi, үкiмет адамдары зиянкес революционер деп ұғады, ал православиелiктер тажал санайды. Мұның бәрi мен үшiн ауыр екенiн мойындаймын. Сондықтан менi мейiрiмдi мұсылман деп қана санауларыңызды өтiнемiн"… Л.Толстой. Ясная Поляна, 1884 ж. көкек…

…1910 жылы 19 қарашада төсекке танылған орыс әдебиетi пайғамбарының ақтық сәтте аузынан шыққан сөздерi де ерекше: "Лев Толстойдан өзге халық құрдымға кетедi…" Сосын есi кiресiлi-шығасылы күйде "Ақиқатты сүйемiн…" дегендi айтып соңғы мәрте кiрпiк қақты. Жаны алқымға келген сәттегi жазушының соңғы сөзi осы болды. Ұлы ойшылдың фәниден бақидың босағасын қандай сенiммен аттағаны жәйлi кесiп айту қиын. Себебi Аллаху Алим – Бұл Аллаға ғана мәлiм жәйт!…

ЖОЛЫМБЕТ МӘКIШЕВ

Серіктес жаңалықтары