Қазақстанның көк туы Мәскеу көшелерінде желбіреп тұр

/
Қазақстанның көк туы Мәскеу көшелерінде желбіреп тұр
Ақорда

Қаладағы көрікті жерлердің бірі – Останкино телемұнарасы біздің байрақпен безендірілді. 

Ресей астанасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапарына дайындалып жатыр.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен барады. Мемлекет басшысы Президент Владимир Путинмен келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ Орал қаласында өтетін ХХІ Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық сессиясына  бейнебайланыс арқылы қатысады. Сапар аясында бірқатар екіжақты маңызды құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары