ӘКIМДIКТЕГI ЖҮЗДЕСУ

ӘКIМДIКТЕГI ЖҮЗДЕСУ

ӘКIМДIКТЕГI ЖҮЗДЕСУ
ашық дереккөзі
369

"Қазына" қоры мен банктердiң өкiлдерi Алматыда бас қосты

Оңтүстiк астанада тағы бiр келелi кеңес өттi. Бұл жолғы кеңесте "Қазына" қоры мен екiншi деңгейдегi банктердiң кiшi және орта бизнестi 50 млрд. теңгеге қаржыландыруы жөнiндегi бағдарламаның жүзеге асу барысы туралы сөз болды.

Кеңеске Алматы қаласының әкiмi Ахметжан Есiмов және "Даму" қоры басшылары, Алматы қаласы мемлекеттiк органдары мен бизнес-ассоциациясы басшылары қатысты. Кездесу барысында қала әкiмi ҚР Президентi мен Үкiметтiң экономиканың басты секторы болып табылатын кiшi және орта бизнеске үнемi қаржылық қолдау көрсету жөнiндегi әкiмдiктерге берген тапсырмасын жиналғандардың есiне сала кеттi.

Бүгiнде кәсiпкерлiктi несиелеу деңгейiнiң әлi де түбегейлi шешiмiн таба алмай келе жатқаны белгiлi. Кәсiпкерлердiң капитал айналымдарының төмендеуiне байланысты кiшi және орта бизнес субъектiлерiнiң өндiрiс деңгейi төмендедi, соның салдарынан бюджетке түсетiн салық көлемi де азайып отыр.

Биылғы жылдың жетi айы iшiнде қала бюджетiне кiшi және орта бизнес субъектiлерiнен салық түрiнде 248,9 млрд. теңге түскен. Бұл жалпы қалалық түсiмнiң 62,3 пайызын құрайды. Алайда, 2007 жылдың осы мерзiмiмен салыстырғанда салық түсiмi 13,6 пайызға төмендеген.

ҚР Ұлттық банкiнiң мәлiметi бойынша, биылғы жылдың алғашқы жарты жылдығында кiшi және орта бизнеске Алматы қаласы бойынша екiншi деңгейлi банктер 302,9 млрд. теңге несие бөлген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 55,7 пайызды құрайды.

Ал қазiргi кезде Үкiмет "Қазына" қорына 50 млрд. теңге бөлiп отыр. Сонымен қатар заем алушылар үшiн 12,5 пайыз қайтарым және бiр заемщикке 3 млн. АҚШ долларына дейiн лимит белгiленген.

Осыған орай, "Даму" қоры басқармасының төрағасы Госман Амриннiң айтуы бойынша, кәсiпкерлiктi қолдаудың үш бағдарламасы және "тұрақты" жұмыс жасап жатқаны бар. Үстiмiздегi жылдың бiрiншi жарты жылдығында алғашқы бөлiнген қаржы – 48,8 млрд. теңге ойдағыдай жүзеге асырылған. Республикалық бюджеттен бөлiнiп отырған 50 млрд. Кiшi және орта бизнестiң ресурстар бағасын төмендетiп, шиеленiстi кезеңге дейiнгi қайтарым деңгейiн 12,5 пайызға жеткiзiп отыр. кiшi және орта бизнестi қаржыландыруда жобалық шектеу жоқ. "Қазына" мен "Даму" қорлары қаржыландыру мәселесiн алдыңғы кезекке қойып отыр. Мұнымен қатар, Қазақстан экономикасында қажеттi жобалар да қаржыландырылып, оларға қаржының 50 пайызы жұмсалатын болады.

Комиссия шешiмiмен 12 қаржы ұйымы анықталып, оның 8-i аталмыш бағдарламаға қатысуға ниет бiлдiрiп отыр. Қазiрдiң өзiнде 6 өтiнiшке қол қойылыпты. Қалғандарына да таяу күндерде қол қойылатын болады. Осы аптада кiшi және орта бизнеске несие бөлу процесi қаралады. Г.Амриннiң айтуы бойынша, үшiншi бағдарлама белгiлi шектеулерi бар тiкелей қаржыландырумен айналысады. Ол өз аясында өндiрiс, көлiк пен байланыс, ақпараттық-коммуникация салаларын қамтитын болады.

Қала әкiмi Ахметжан Есiмов өз кезегiнде қала әкiмдiгiнiң өз бағдарламасын жүзеге асыратындығын, ол үшiн қосымша 200 млн. теңге бөлiнетiндiгiн айта кеттi. Жалпы, "Даму" қорының қаржысын қоса есептегенде бүкiл сома 400 млн.-ға жуық теңгенi құрайтын болады.

Ахметжан Есiмов: "Алматы қаласының әкiмдiгi бұл мәселенi бiрiншi болып көтердi. Үкiмет оған дер кезiнде назар аударып, кiшi және орта бизнестi қаржыландыру мәселесiнiң дұрыс шешiлуiне ықпал еттi. Бұған алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Барлығымыз бiрiгiп, бұл бағдарламаны жүзеге асырып, болашақта бiздiң кәсiпкерлердi қолдау барысында бастама көтеретiн боламыз", – дедi.

Г.ТҰРҒАНБАЙҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары