«49 млн теңге жымқырған»: Батыс Қазақстанда колледж директоры жалған стипендиялар рәсімдеген

/
«49 млн теңге жымқырған»: Батыс Қазақстанда колледж директоры жалған стипендиялар рәсімдеген
istockphoto.com

Қаржылық мониторинг агенттігі Батыс Қазақстан облысында білім беру саласында бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Батыс Қазақстан индустриалдық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорынның директоры оқу процесіне қатыспаған 54 тұлғаны жалған түрде білім алушы ретінде тіркеген.

Соған қарамастан, аталған тұлғалар белсенді студенттер ретінде көрсетіліп, олар бойынша жалған бағалар қойылған, сабаққа қатысу табельдері мен үлгерім бойынша құжаттары рәсімделген, сондай-ақ стипендиялар берілген (жекелеген жағдайларда — көтеріңкі мөлшерде).

Жалған студенттердің атына банктік шоттар ашылып, сол шоттарға стипендия төлемдердері аударылған. Банктік карталар директорға немесе оның нұсқауымен өзге тұлғаларға қолма-қол ақша алу және қаражатты әрі қарай пайдалану үшін тапсырылып отырған.

Нәтижесінде колледж директоры 49 млн теңгеден астам бюджет қаражатын иемденген.

Оған қатысты бұлтартпау түріндегі үйқамақ шарасы қолданылды.

Сот санкциясымен оның пәтеріне тыйым салынды.

Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сай жария етілмейді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары