Ақсу ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент төлеуден қасақана жалтарған азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Аталған борышкердің төлем жасауға нақты мүмкіндігі бола тұра, соңғы төрт жыл бойы өз міндеттемелерін орындамағаны анықталды. 2021 жылдан бері берешек сомасы 6,5 миллион теңгені құрады.
Сот борышкерге бір жыл бас бостандығын шектеуді тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Тағы бір жағдайда аудан прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша 2,5 миллион теңге көлемінде қарызы бар тағы бір азаматқа қатысты да сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады.
Бұл ретте биыл облыста Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабы бойынша 172 борышкер жауаптылыққа тартылды.
Жалпы, қадағалау шаралары бойынша балалардың пайдасына 140 миллион теңге алимент өндірілді.
Облыс прокуратурасы балалардың құқықтарын қорғау бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда және барлық ата-аналарды балалар алдындағы міндеттемелерін уақтылы орындауға шақырады.