АЛАШТЫҢ БIР АСЫЛЫ

АЛАШТЫҢ БIР АСЫЛЫ

АЛАШТЫҢ БIР АСЫЛЫ
ашық дереккөзі

Алаш партиясы мен Алашорда үкiметiнiң 90 жылдығына орай көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерi Сұлтанбек Қожанұлын еске алу кешiнде, арыс ағамыздың туған-туыстары, көз көрген жаншыр достары мен ұрпақтары қол жайып құран оқытты. "Өлi разы болмай, тiрi байымайды" демекшi, Сұлтанбек Қожанов атындағы қайырымдылық қорының бағыштаған құранынан алаштың асылы бiр аунап түскен болар.

Өмiрiнiң ақырына дейiн халқының мұң-мұқтажын көбiрек тыңдап, жағдайларын жақсартуға көп күш жұмсаған қарымды қоғам қайраткерi туралы естелiктер де ескiрмеген екен. Алдына зор мақсат қоя бiлген азамат Iшкi iстер халкомы "1920-1921 ж.", халық-ағарту халкомы "1921-1922 ж.", жер мәселесi халкомы "1922-1924 ж." қызметтерiнде жүрген шағында қара халықпен, бұхарамен тығыз байланыста болған. 1925 жылдың аяғына таман қазақ өлкелiк партия комитетi екiншi хатшылығы қызметiнен кетуге мәжбүр болады да, Мәскеуге аттанады. Аз уақыт Орталық партия аппаратында нұсқаушы, сосын жоғары партия мектебiнде тыңдаушы болады. Оның мұнан соңғы қызметi Мәскеудегi, Ташкенттегi оқу орындарымен су, мақта шаруашылығы мекемелерiмен тығыз байланысты, 1935 жылдан бастап "халық жауы" деген жалған жаламен ұсталғанға дейiн Орта Азиядағы жер мәселелерi халық комиссариатының тұрақты өкiлi жұмысын атқарады дейдi дерек парақтары. Осы аралықта атқарған ерен еңбектерi мен елiне, ұлтына деген жанашырлығы көптiң көңiлiнде сайрап тұр. Қазiргi таңда С. Қожанұлының атында көше бар. Сұлтанбек Қожанұлы атындағы қайырымдылық қорының да көздеген мақсаты сол — аяулы азаматтың атын өшiрiп алмау, келер ұрпақтың санасында сақтау болып табылады. Осы жолда жұмыс жасап жүрген жазушы, ғалымдардың еңбектерi де ескерусiз қалмады. Еске алу кешiнiң барысында қайырымдылық қоры ол кiсiлердi де азын-аулақ сый-сыяпатымен қуантты.

Манар ӘЛИЕВА