ӨЛКЕНIҢ ТАРИХЫ БАҒАМДАЛҒАН

ӨЛКЕНIҢ ТАРИХЫ БАҒАМДАЛҒАН

ӨЛКЕНIҢ ТАРИХЫ БАҒАМДАЛҒАН
ашық дереккөзі
309

Ақтөбе өңiрi де археология, архитектуралық, тарихи, мәдени ескерткiштерге толы аймақ. Ескерткiштерге ғана емес, елдiң елдiгiн көтеруге араласқан нартұлғалы азаматтар, киелi өнердi ұстаған ақын-жыраулар мен он саусағынан өнер тамған ұсталар көп шыққан.

Сан ғасыр бойы ұрпақтарына дiни наным-сенiм жолында елеулi еңбек еткен, жадында есiмдерi бүгiнге дейiн жеткен атақты ишандар мен ахундар қасиеттiлiгi мен әулие атанған қаншама кiсiлер өттi десеңiзшi. Сондай-ақ, Ақтөбе өңiрi тарихи оқиғаларға толы болуымен ондағы жер-су атауларының өзiнде сырлар жатыр.

Қазақстанға еңбегi сiңген қайраткер, Ақтөбе облысындағы белгiлi өлкетанушы, көп жыл облыстық мұражайды басқарып, көптеген зерттеу экспедицияларын ұйымдастырушылардың бiрi болған Рысжан Iлиясованың жақында "Зерде" баспасынан "Далам тұнған шежiре" атты кiтабы жарық көрдi. Аталған кiтап жетi бөлiмге бөлiнген. Бөлiмдерiнiң (тараулардың) өзiнен-ақ оқырман қауым кiтаптың мазмұн-мәнiн аңғарады. Мысалға, бiрiншi бөлiм: "Тастарда тұнған тарих iздерi", екiншiде "Атауларда астарланған ақиқат", үшiншi бөлiмде "Даланың дана ұлдары", төртiншiде "Ел қорғаны батырлар", бесiншiде "Ұсталы ел озады", алтыншы-жетiншi бөлiмдерде "Елшi — өнер кенiшi", "Ер туады ел үшiн" деп аталып оқырманның ерiксiз оқуына итермелейдi.

Кiтаптың ашылар бетi мен алғы сөзi де қуатты да қанатты сөздерден бастау алған.

Н.Назарбаев:

…"Жалпақ жұртыңды, исi алашыңды құрметтеу, алдымен өзiн туған өлкенiң тарихын, табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады" – деген. Демек Елбасы айтқандай қырық жыл бойы мұражайда қызмет iстеген жай ғана келiп-кетiп жүрмей тегеурiндi, iлкiмдi iстердiң бастаушысы бола бiлген қайраткер апамыздың бұл үшiншi шығып отырған "Далам тұнған шежiре" атты кiтабынан зерттеушiлер, этнограф пен студент-жастарға, жалпы ел тарихын бiлем деушiлерге қанатты кiтап.

Мұнда балбал тастардың атаулары мен олардың орналасқан өңiрлерi, хан Әбiлхайыр қабiрi, ертедегi ескерткiштер туралы деректерi өз алдына болса, ұсташылық өңiрдiң қыры мен сырын, олардың есiмдерi мен бүгiнгi ұрпақтары жайлы да дерек берiп отырған. Зергерлiк өнердiң қазақ халқымен бiрге жасасып келе жатқанын дәйектi, нақты құжаттар арқылы дәлелдеп берген.

Бұл кiтаптан сүйектелген домбыра, күмiстелген ер, кебеже, сандық, Адал бақан, жастық ағаш, оқшаптай шақшалар мен қатар өңiрдегi тарихы бай көркем жерлер: Қараша тау, Азбартас, Үңгiртас, балбал тастар түрлерi де көркем суреттермен көмкерiлген.

Автор өзiнiң алғы сөзiнде:"…Жақсылар мен жайсаңдар туралы азды-көптi жинаған осы еңбектегi мәлiметтерiмiз — ұлтымызға рухани мұра болуға жараса екен деген үмiт" — деп жазыпты. Кiтапты оқи отырып автордың үмiтiнiң ақталғанын сезiнемiз.

Серіктес жаңалықтары