ҰБТ НӘТИЖЕСI МӘЗ ЕМЕС, БIРАҚ ЖАЛҒАСА БЕРЕДI

ҰБТ НӘТИЖЕСI МӘЗ ЕМЕС, БIРАҚ ЖАЛҒАСА БЕРЕДI

ҰБТ НӘТИЖЕСI МӘЗ ЕМЕС,  БIРАҚ ЖАЛҒАСА БЕРЕДI
ашық дереккөзі
438

Биылғы мектеп түлектерiнiң көңiл-күйi мәз емес. Әсiресе, 11 жыл бойы құрбыларының алды болып келген үздiк оқушының соңғы сәтте қабағын кiрбiң шалған. Себеп бiреу, жақында ғана елiмiздiң 154 пунктiнде өткен ұлттық бiрыңғай тестiлеуде "Алтын белгiге" бiтiретiн үмiткерлердiң тауы шағылып, тiптi көбi межелi 50 баллға да сүрiнiп жете алмаған.

Алайда, бұған "техникалық ахаулдар кiнәлi" деп түсiндiрген министр Түймебаев биылғы ҰБТ қорытындысына дән риза екендiгiн жасырмайды. Оның айтуынша, ҰБТ жүйесi жылдағыдай сыбайлас жемқорлыққа жол бермей, жауаптар коды қолдан-қолға таратылмай, ҰҚК көмегiмен алғаш рет әдiл өткен сыңайлы. Өйткенi, былтыр Оңтүстiк Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында кейбiр оқушылар тест жауаптарын алдын-ала бiлiп алып, ең жоғары баллға қол жеткiзген едi. Ал, биыл ұлттық тестiлеудiң қауiпсiздiгi күшейтiлiп, ондай келеңсiз жағдай тiркелген жоқ" дейдi министр.

Сонымен, маусым айының 5-10 аралығында мектеп түлектерiн бiраз әбiгерге түсiрген ҰБТ нәтижесi қандай? Әдетте, сынақтан кейiнгi үш-төрт күн iшiнде қорытынды нәтижесi белгiлi болатын. Ал биылғы тестiлеуден қапы болған талапкерлер жауаптарын аппеляциялық комиссияға берiп, шағымдану тым көбейдi. Iстiң насырға шабатынын сезген Үкiмет басшысы Кәрiм Мәсiмовтiң өзi бұл iске тiкелей араласып, тез арада арыз-шағымдарға жауап берiлетiнiн айтқан. Бiлiм және ғылым министрi Жансейiт Түймебаевтың "ҰБТ өз нәтижесiн бере алмады" деген сөзiнен кейiн сынға iлiккен министрлiктегi бiрқатар басшылар да айылын тез арада жиып алды. Сөйтiп, "Ата-ана мен талапкерден маусымның 20-на дейiн келiп түскен арыз-шағым мұқият қаралуы тиiс" деген тапсырма алған министрлiк қорытынды нәтиженi жариялады. Жалпы, тестiлеуге көңiлi толмаған түлектерден аппеляциялық комиссияға 28 647 өтiнiш келiп түссе, олардың тек бiр жарым мыңдайы ғана қанағаттандырылды. Аталған өтiнiштер бойынша 10 мың 438 тест тапсырмасы қайта қаралып, ал 9 мың 725-i қайтарылған. Сондай-ақ, телекоммуникациялық желiлер бойынша ҰБТ-ны өткiзу пунктерiнен тест тапсырмаларына байланысты 18 мың 209 өтiнiш келiп түсiп, оның 877-i қанағаттандырылған.

Биыл ҰБТ-да ең жоғары – 125 баллды екi оқушы, айталық, Павлодар қаласындағы №9 мектептiң оқушысы Әлия Өмiралина мен Шығыс Қазақстан облысындағы М. Әуезов атындағы мектептiң түлегi Назерке Садықова жинаса, 100-ден жоғары баллды ҰБТ тапсырған 116280 оқушының 7637-сi ғана бағындыра алған. Ал орташа балл – 68 дi құраса, бұл көрсеткiш былтырғы жылмен салыстырғанда әлдеқайда төмен. "Алтын белгiге" үмiткер 3 мың оқушының тек 767-i ғана бiлiмiн қуаттай алса, 226 мектеп бiтiрушiнiң "Алтын белгi" алуға 1 баллы жетпей қалған. Алайда, жоғарыда қабылданған шаралардың нәтижесiнде министр осы 226 түлекке "Алтын белгi" табысталатын болады" дедi. "Алтын белгiге" бiр балл жетпей қалған түлектер үшiн бiр баллды төмендетiп отырмыз. 11 жыл бойы үздiк оқыған оқушыларды қолдау мақсатында әрi биылғы жылдың ерекшелiктерiне байланысты осындай шешiм қабылданды. Екiншiден, жоғары оқу орындарына түсу үшiн шектi деңгей 45 баллға дейiн төмендетiлетiн болды. Ереже биылғы оқу жылынан бастап iске асады. Бұған дейiнгi тәртiп бойынша, тестiлеу нәтижесiнде балл саны 60-қа толмаған түлектер жоғары оқу орнына да түсе алмаса, биылғы жылдан бастап 45 баллдан жоғары жинағандар мемлекеттiк немесе жекеменшiк жоғары оқу орындарына түсу үшiн конкурсқа қатыса алады. Сондай-ақ, ағымдағы жылы жоғары оқуға түсудiң көрсеткiшi — 45 баллға 31 мың оқушы қол жеткiзе алмапты. Министрдiң айтуынша, ҰБТ кезiнде Астана, Солтүстiк Қазақстан мен Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Павлодар облыстары мектептерiнiң оқушылары жақсы көрсеткiштерге ие болған.

Айта кетерлiк жайт, министр "Келесi жылы ҰБТ-ны алып тастаймыз" деген мәлiмдемесiн жоққа шығарып, "Алып-қашпа әңгiмелер өсек болмау үшiн тағы да қайталап айтамын. ҰБТ дүниежүзi бойынша көптеген жылдар бойы тексеруден, тәжiрибеден өткен ең озық үлгi. Бiрыңғай тесттi тапсыру елiмiзде жалғаса бередi. Бiрақ оны жетiлдiре түсу үшiн қолдан келгенiн жасай беремiз" — дедi ол бұл мәселеге бiржола нүкте қойғысы кеп.

Нәтиже осы. Алайда, жыл сайын бiр өзгерiс енгiзiлiп отыратын ҰБТ әлi жалғасын таба бермекшi. Айналдырған төрт жылда түрлi айқау-шуға куә болған министрлiктiң бұған да етi үйренген-ау, сiрә, өйткенi, әлi де "ҰБТ жалғаса бередi" деп жұртты сендiрiп отыр.

Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары