БАСТЫ МАҚСАТ — ОРЫС БАСПАСӨЗIНIҢ АЯСЫН КЕҢЕЙТУДЕЙДI ОРЫС БАСПАСӨЗIНIҢ Х ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕСIНЕ ҚАТЫСУШЫЛАР

БАСТЫ МАҚСАТ — ОРЫС БАСПАСӨЗIНIҢ АЯСЫН КЕҢЕЙТУДЕЙДI ОРЫС БАСПАСӨЗIНIҢ Х ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕСIНЕ ҚАТЫСУШЫЛАР

БАСТЫ МАҚСАТ — ОРЫС БАСПАСӨЗIНIҢ АЯСЫН КЕҢЕЙТУДЕЙДI ОРЫС БАСПАСӨЗIНIҢ Х ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕСIНЕ ҚАТЫСУШЫЛАР
ашық дереккөзі
243

Мәскеуде орыс баспасөзiнiң халықаралық 10 конгресi болып өттi. Конгреске әлемнiң 65 елiнен 1000-ға жуық делегат қатысты. Конгресс жұмысын насихаттау үшiн 200 журналист тiркелген екен. Баспасөз және бұқаралық коммуникация жөнiндегi Федералдық агенттiгiнiң қаржылық қолдауымен өткiзiлген бұл жиынға ТМД мемлекеттерiнен ең көп делегатты – Украина, Белоруссия, Қазақстан елдерi жiберiптi.

Өткiзiлу форматына қарағанда, Орыс баспасөзiнiң халықаралық конгресi бiздегi Еуразиялық медиа-форумды еске түсiредi. Бiрақ, мұндағы күн тәртiбiне — бүкiл халықаралық қауымдастықты алаңдатып отырған жаһандық мәселелер қойылатын. Ал, орыс баспасөзiнiң Конгресiнiң күн тәртiбiнде бiр-ақ мәселе қаралды. Ол — шетелдiк орыс баспасөзiнiң бүгiнгi ахуалы және әлемдiк өркениеттегi орыс тiлiнiң алатын орны. Сондай-ақ, Орыс баспасөзiнiң әлемдiк қауымдастығының жаһандану кезiнде орыстiлдi диаспоралар өмiрiнде қандай рөл атқаратындығы сөз болды. Мәселе тек орыс тiлi және орыстiлдi журналистиканың шетелде дамуына ғана арналса да, бұл мәртебелi жиынға ИТАР-ТАСС агенттiгiнiң шақыруы бойынша, ЮНЕСКО-ның бас директоры Коитиро Мацуура мырза қатысып, сөз сөйледi. Бiздегi Еуразиялық медиа-форумның 6-шы жиыны өткенi есiмiзде. Бiрақ, осы 6 жиынға да ЮНЕСКО деңгейiнде мән берiлмеген екен. Бiздiң саясаткерлер әлемдiк шетiн проблемалардың түйiнi бiзге келiп тiрелiп тұрғандай, жалпақшешейлiк танытып, әлем мәселелерiн талқылауды басты мақсаты ретiнде таниды. Еуразиялық медиа-форумда қазақтiлдi ақпарат құралдарының мәселелерi, қазақ тiлiнiң Қазақстан ақпаратындағы (шетел ақпаратын былай қояйық) алатын орнын талқыламақ түгiлi, қазақтiлдi басылымдардың барлығы тасада қалып қояды. Бiрде-бiр жиында қазақ тiлiнiң мәртебесi сөз болған емес. Керiсiнше, мемлекеттiк тiлде жазатын журналистердiң құқығы аяққа тапталып келдi. Медиафорумға келген мәртебелi меймандарға сұрақ қою, интервью алу мәселелерi тек орыс тiлiнде жүргiзiлдi. Еуразиялық медиа-форумның директоры Дариға Назарбаева Орыс баспасөзiнiң әлемдiк қауымдастығының вице-президентi. 2006 жылы Орыс баспасөзiнiң халықаралық Конгресi Алматыда өткiзiлген болатын. Онда да шетелдегi орыс ақпаратының жай-күйi талқыланып, онсыз да қазақ ақпарат рыногын жаулап отырған орыстiлдi баспасөздiң қызмет аясының тарылмауын "үлкен ағаларымыз" шегелеп айтып кеткен едi.

Өткен аптада Мәскеу төрiнде өткен мәртебелi жиынға Ресейдiң су жаңа президентi Дмитрий Медведев пен премьер-министрi Владимир Путин қатысты. Д. Медведев: "Ресей ресейлiк және орыс баспасөзiн ақпарат кеңiстiгiнен әдейi ығыстырып жатқан мемлекеттердiң iсiне көз жұма қарамайтын болады. Бұл сезiмнiң аса нәзiк қылдарын шертетiн мәселе. Өйткенi, әңгiме шеттегi миллиондаған қандастарымыздың өмiрлiк маңызы бар мәдени және ақпараттық ортасын сақтауда болып отыр ғой" дедi. Бұл, әрине, орыстiлдi ақпаратты ретрансляция жасауға, орыс баспасөзiн таратуға тыйым салып жатқан Грузия мен Украинаға қатысты айтылып отырған мәселе. Украинадан келген делегаттар ондағы орыс тiлiнiң мүшкiл халiн суреттегенде етектерi жасқа толыпты. Д. Медведев вице-премьер қызметiн атқарып жүрген кезiнде "Халықаралық орыс тiлi" жылын ұйымдастыруға барын салған, бұл салада тәжiрибесi бар саясаткер. Ресей билiгiнiң тiзгiнiн қолға алысымен өткiзiлiп отырған халықаралық деңгейдегi алғашқы шарада өзiнiң ұлтшылдығымен қоса шовинистiгiн де көрсетiп тұр. Қазiргi есеп бойынша, орыстiлдi ақпарат әлемнiң 80 елiнде 300 миллион аудиторияны қамтиды екен. Орыстiлдi газет-журналдар ТМД мемлекеттерiнен өзге Америка, Канада, Германия, Франция, Израиль, т.б. елдерде өмiр сүредi. Д. Медведевтiң "шетелдегi орыс диаспорасының мәдени және ақпараттық ортасын сақтап қалу" туралы әңгiмесi осы елдердегi қандастарына қаратыла айтылса керек. Ал, ТМД мемлекеттерiнiң бiрқатар елдерiнде орыстiлдi ақпараттың дәуренi жүрiп тұр. Мәселен, Белоруссия, Қазақстан және Қырғызстандағы қазiргi мәдениет орыстiлдi мәдениеттiң төңiрегiнде топтасуда. Мұнда Кеңестер одағынан қалған орыс тiлiнiң экспансиясының қаймағы бұзылған емес. Ал, осы бiр қалыптасып қалған сеңдi бұзуға талаптанған елдердiң үнемi Ресейдiң қырына iлiгiп келгенi тағы жасырын емес. Мәселен, Украинадан келген делегат "Крымская правда" газетiнiң бас редакторы Константин Бахаревтi ТМД-дағы орыстiлдi БАҚ-тың дамуы жайындағы пiкiрталасқа шақырды. Ол "күшпен және әдейi жүргiзiлiп жатқан украиндандыру саясаты орыстiлдi халықты өз мәдениетi мен тiлiнен бас тартуына мәжбүрлеп отыр" дегендi айтты. Бахаревтiң пiкiрiнше, Украина орыстiлiн ығыстыруды мақсатты түрде қолға алған екен. "Соңғы жылдары орыс тiлiнiң қолданылу аясын барлық салада — мемлекеттiк билiкте, бiлiм беру саласында, ғылым мен мәдениет, сот жүйесiнде және БАҚ-та азайтуға арналған 77 заң және 100 заңдық актiлер қабылданған. Бүгiн телерадиоэфирдi украиндандыру iсi аяқталды деуге болады" дедi ол. Орыс баспасөзiнiң бүкiләлемдiк қауымдастығының вице-президентi Дариға Назарбаева украиндық әрiптесiнiң бұл әңгiмесiн тым қолдай қоймаған. Оның пiкiрiнше Бахарев мәселенi тым қоюлатып жiберген. Назарбаева "КСРО құлағаннан кейiн пайда болған тәуелсiз мемлекеттер өзiндiк даму жолын таңдағаны дұрыс. Баспасөздiң мiндетi — бұл жағдайды шиеленiстiру емес, түсiнiстiкпен қарау. Ресей мен ТМД елдерiндегi БАҚ өзiн-өзi кем санау комплексiнен құтыла алмай келедi. Ең әуелi осыдан арылуымыз керек" дедi.

Ресей президентi шетелдегi орыс баспасөзiнiң сақталуын, оның күнделiктi өмiрде ығыстырылмауын сөз ете отырып, интернеттен орыстiлдi домендердi ашуға көбiрек ықылас бiлдiру қажеттiгiне де тоқталды. Д. Медведевтiң "шетелдегi орыстiлдi ақпараттың мүддесiн қорғау — мемлекеттiк саясаттың бiр бөлiгi. Посткеңестiк кеңiстiкте ұлттық тiлдердiң қайта түлеуi орыс тiлiн ығыстырмауы керек" деген сөзiн Конгрестiң қорытындысы ретiнде қабылдаған жөн секiлдi. Д. Медведев осы iсте аса iрi үлес қосып отырған Орыс баспасөзiнiң бүкiл әлемдiк қауымдастығы мен оның 10 жылы бойы өзгермей келе жатқан президентi Виталий Игнатенкоға алғыс бiлдiрудi де жөн санады. "Сiздердiң мойындарыңызда бiздiң шеттегi миллиондаған қандастарымыздың тағдыры тұр. Сiз олар үшiн оларды отанымен байланыстыратын нәзiк арқауға айналдыңыз. Бұл арқылы оларға ана тiлiн, мәдениетiн және Ресейдiң рухын ұмыттырмауға күш салып жүрсiз" дедi ол.

P.S. Шетелде 100 миллион болмаса да, 5 миллион қазақ тұрады. Олар өз ана тiлiн ұмытпауға, ана тiлiнде әдебиет жасап, төл баспасөздерiн шығарып, халықтың тiлге, руханиятқа деген сұранысын жоғалтпауға барын салып отыр. Шеттегi қазақтың басын қосып, арқа сүйер тiрегi, елi бар екенiн ұқтыратын алаң бiз үшiн — Дүниежүзi қазақтарының құрылтайы ғана. Ал, шеттегi қазақ баспасөзi Атажұртының аялы алақанын қашан сезiнер екен.

Есенгүл Кәпқызы

Серіктес жаңалықтары