ТҮРКIТАНУ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

ТҮРКIТАНУ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

ТҮРКIТАНУ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
ашық дереккөзі

Ғалым — болған мен болатынды дәлелдеушi. Әлбетте болатынға (жоққа) болжам айтудан болғанды (барды) бағамдап, өзiңнiң көзқарас, пiкiрiңдi дәлелдеп ақиқатына жету қиынның қиыны болса керек. Егер ол есте жоқ ескi заманда болса, ол туралы адам айтса нанғысыз, нанатын жорамалдар мен тұспалдар, дәлелдер мен дәйектер өтiрiктi шындайғып шырмауықтай оралып жатса, олардың дұрыс-бұрысын екшеу нағыз ғылымға өлермен, жанкештi жанға тән.

Қырық жыл тастағы таңбаға телмiрiп, оның түп төркiнi анау-мынау айтып, кесiп-пiшiп жүргендей өзгенiкi емес түркiнiң (қазақтың) төл жазуы екенiн, әбден қалыптасып, сары тап болған "сара жолды" бұзып-жарып дәлелдеу — шын ғалымның қолынан ғана өнетiн өте бiр өжет iс. Мұндай ғалымдар санаулы, сирек болады. "Объединенный каганат тюрков", "Орхон мұралары", "Орхон ескерткiштерiнiң толық атласы" (қазақша және орысша), "Байырғы түркi жазуының генезисi" атты еңбектер осындай ғалымның сапасына айғақ болмақ. Осы туындылардың егесi жуықта А.Байтұрсынұлы атындағы Тiл бiлiмi институты жанындағы диссертациялық кеңесте түркi тiлдерi мамандығы бойынша филология ғылымдарының докторы дәрежесiн ойдағыдай қорғаған, түркiтану әлемiне бұрыннан әйгiлi ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы дүр. Бұл қорғау қазақ ғылымы еуроцентристiк қасаң қағидаға байланбай өзiнiң «менiн» танытқан түркология саласына қосылған үлкен үлес болғандығын атау да ләзiм.

Б.Бурылалтай