ЭКОНОМИКА ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ЭКОНОМИКА ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ЭКОНОМИКА ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
ашық дереккөзі
428

ТМД ЕЛДЕРI ЗИЯН ШЕГЕДI

Дүниежүзiлiк банктiң сарапшылары әлемдiк қаржылық дағдарыстан алдымен Шығыс Еуропа мен бұрын КСРО құрамында болған елдерiнiң орасан зор шығынға бататынын мәлiмдедi.

Дүниежүзiлiк банк төрағасының Еуропа мен Орталық Азия iстерi жөнiндегi орынбасары Шиего Кацу Шығыс Еуропа мен посткеңестiк елдер экономикасы көпжылдық еңбектiң нәтижесiнде түрлi дағдарыстарға төтеп беруге қауқарлы екендiгiн, алайда, қатаң бақылау тiзгiнiн босаңсытып алмау керектiгiн ескерттi: "Әлемдiк нарықтағы жанар-жағар май мен азық-түлiк бағасының шарықтауы инфляция деңгейiнiң күрт өсуiне әкеп соқты. Орталық Азия елдерiнде (Қазақстаннан басқасы) отбасылар түскен пайданың жартысынан көбiсiн азық-түлiк алуға жұмсауда". ДБ бас маманы Прадип Митра азық-түлiк бағасының тiптi, 5 пайызға дейiн көтерiлуiнiң өзi табысы төмен деңгейдегi орталықазиялық елдердiң 2-3 пайыз кедейшiлiкке ұрынуына әкеп соғатынын көрсеткенiн көлденең тартады. Митраның айтуынша, экономикалық көрсеткiш Румынияда, Венгрияда, Украина мен Хорватияда, тiптi, табиғи ресурстарға бай Қазақстанда да төмендейдi: "Көпшiлiк инфляциядан құтылдық деп ойлағанмен, қымбатшылық қайта келедi. Ол қайта оралумен бiрге екiжақты өсiмдi көрсетедi. Негiзгi себебi, жанар-жағар май бағасының қымбаттауы. Энергоқорды сырттан тасымалдайтын елдер бағаны тұрақтандыруға дәрменсiз". Ресми деректерге сүйенсек, Әзiрбайжан, Армения, Қырғызстан, Грузия, Молдова, Тәжiкстан мен Өзбекстанда 30 пайызға көтерiлген.

ҮКIМЕТ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТЕДI

Халықаралық сарапшылардың кеңесiне құлақ түрген болуы керек, сейсенбi күнi Министрлер кабинетiнiң басшысы үкiметтiк отырыста орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың басшыларына экономиканың қарқынын төмендетiп алмауды қатаң тапсырды.

Мәсiмов қол астындағыларға экономикалық көрсеткiштердi апта сайын бақылап отыратындығын және тиiстi шаралардың дер кезiнде қабылданатынын ескерттi. ҚР Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi Бақыт Сұлтанов үстiмiздегi жылдың бiрiншi тоқсанында елдегi инфляция деңгейi 2,5 пайызға тең болғанын жеткiздi. Министр инфляцияға негiзiнен азық-түлiк тауарларының қымбаттауы (3,7%) әсер еткенiн және азық-түлiк емес тауарлардың да қымбаттағанын (1,6%) мәлiмдедi. Қаңтар-наурыз айларында ұн — 3,3 %, макорон өнiмдерi — 5,8%, балық және теңiз өнiмдерi — 3,7%, жемiс-жидек — 9,7%-ға өскен. Қымбатшылық әсiресе, көкөнiс өнiмдерiне қатты әсер етiптi — 17,3%. Сiрә, базарлардағы алыпсатарлар мен базаркомдармен Үкiмет күрестi дұрыс жолға қоя алмай отырса керек. Өйткенi, жуырда ғана Школьник қырғыздардың 40 теңгеден әкелуге құлшынып отырған болғар бұрышы астанадалық дүкен базарларда 600 теңгеге сатылып жатқанын сынға алған едi. Демек, алыпсатарларды тезге салмайынша, қарапайым тұтынушының қалтасына салмақ түсе бередi. Үкiмет сонымен қатар бидайды 2008 жылдың 1 қыркүйегiне дейiн экспорттауға тыйым салды. Оған iшкi нарықтағы сұраныстың өсуi мен әлемдiк нарықтағы бидай бағасының көтерiлуi себеп болды.

БАНК БАСШЫСЫ — ТӘУЕЛСIЗ ДИРЕКТОР

Каспий банкiнiң Басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ-ның тәуелсiз директоры болып тағайындалды. Сарапшылар халықаралық деңгейде бiлiм алған банкирдiң тәжiрибесi қор жұмысын жақсартуға ықпал етедi деген пiкiрде.

"Қазақстанның инвестициялық қоры" (ҚИҚ) — республикамыздағы мемлекеттiк даму құрылымдарының бiрi. Қордың мақсаты — қайта құрылатын және жұмыс жасап жатқан ұйымдардың жарғылық капиталына ат салысу арқылы экономиканың шикiзаттық емес саласында бәсекеге қабiлеттi өндiрiстi қалыптастыруға жеке кәсiпкерлердiң бастамаларына қаржылық тұрғыда қолдау көрсету. ҚИҚ акциялардың 49 пайызын сатып алу арқылы жобалардың тiкелей инвесторы ретiнде әрекет етедi. Аталған ұйымның 2006-2008 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасы отандық және шетелдiк инвестициялық ресурстарды әртүрлi ауқымдағы 40-50 жобаға тартуды көздейдi. Сонымен қатар Қазақстан мен шет мемлекеттерде бәсекеге қабiлеттi iрi және тиiмдi өндiрiстi қалыптастыруды басты назарда ұстайды. Бұл орайда Грузиядағы Еуропалық менеджмент мектебiнде алған ВВА дәрежесi мен Гарвард Бизнес мектебiнде алған МВА дәрежесiне ие М.Ломтадзе мырзаның "Қаржы технологиялары орталығы" (банкке арналған бағдарламалық жабдық өндiрiсi) және "Europlan" (Ресейдегi лизинг компаниясы) секiлдi бiрқатар iрi компаниялардың Директорлар кеңесiндегi жұмыс тәжiрибесi ҚИҚ жұмысында орасан зор пайда келтiрерi анық әрi корпоративтiк басқару деңгейiн жоғарылата отырып, ұсынылатын жобаларды әдiл бағалауға және инвестиция тартуға көмектеседi.

ЖОҒАРҒЫ РАДА ДСҰ-НЫ ЖАҚТАДЫ

14 жыл бойы жүргiзiлген келiссөздер нәтижесiнде украиндар Дүниежүзiлiк сауда ұйымына өтетiн болды. Дүйсенбi күнi Украинаның Жоғарғы Радасы ДСҰ-ға мүшелiкке өтуге кесiрiн тигiзген кедергiнi жоюға шешiм қабылдады.

450 депутаттың 411-i қолдаған заң жобасына президент Ющенко осыдан екi ай бұрын қол қойған едi. Негiзгi құжатты қабылдаған Жоғарғы Рада әлi 10-ға жуық заң актiсiн бекiтуi тиiс. ДСҰ-ға мүшелiк құқығы парламенттiк келiсiмнен 30 күн өткеннен кейiн күшiне енедi. Жер шарының 151 мемлекетiнiң басын қосқан халықаралық ұйым 152-мемлекетпен толықты. Қазақстан Республикасы ДС құрамына енуге қатысты келiссөздердi жүргiзiп жатыр. Сонымен бiрге әлемдегi ең iрi экономикалық державалардың бiрi — Ресей де ұйымға мүшелiкке өткен жоқ. Түрлi салалардағы тарифтерге қатысты туындаған пiкiр қайшылығының кесiрiнен екiжақты келiссөздер нәтижесiз аяқталуда. Сарапшылар пiкiрiнше, ұйымға жаңадан қабылданған Украина басты бәсекелесi — Ресейдiң ДСҰ құрамына енуiне кедергiлер келтiруi мүмкiн.

Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары