«Гастрольдік сапарымда бірге болды»: Жігер Ауыпбаев жылқышы баламен қарым-қатынасы туралы айтты

/
«Гастрольдік сапарымда бірге болды»: Жігер Ауыпбаев жылқышы баламен қарым-қатынасы туралы айтты
Скриншот

Әнші Жігер Ауыпбаев «Жылқышы бала» деп танылған жас әнші Береке Мұратпен қазіргі қарым-қатынасы туралы айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

 «Жылқышы баламен бір ән жазылды. Одан кейін бір бейнебаян түсіреміз деген едік. Бірақ сол кезде басымда мәселелерім көбейіп кетті. Оларды шешемін деп жүргенде босай алмадым. Жақында Шығыс Қазақстан облысы Өскемен жаққа гастрольдік сапармен бара жатырмыз. Өзіммен бірге жылқышы баланы алмақшымын. Ата-анасымен сөйлескенмін.

Екеуміздің байланыспай кеткенімізге 4-5 ай болған шығар.  Ол сол аралықта өзін қатты дамытқан. Мені сол қуантады. Байқаулардан жүлде алып, гитара мен домбыра үйренген. Сапар кезінде алдағы жоспарлады шегелейміз деп ойлаймын», – деді әнші Таңшолпан бағдарламасына берген сұхбатында. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары