Түркістан облысында тіркелмеген 37 қару тәркіленді

/
Түркістан облысында тіркелмеген 37 қару тәркіленді
polisia.kz

Түркістан облысында полицейлер тұрғындардың тіркелмеген қаруларын тәркіледі, деп хабарлайды turkystan.kz.

Республикалық "Қару" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Түркістан облысы полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері тіркелмеген 37 қаруды тәркіледі.

Оның ішінде 27 тегіс ұңғылы қару, 6 газ тапаншасы, 3 шолақ және 1 травматикалық тапанша, сондай-ақ түрлі калибрлі 50 оқ-дәрі бар.

Мәселен Төлеби ауданында полицейлер жергілікті тұрғыннан тиісті құжаттары жоқ аңшылық шолақ мылтықты анықтады. Тәркіленген қару сараптамаға жіберілді. Тіркелген дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар іс-шара барысында тәртіп сақшылары қаруды сақтау ережелерін бұзудың 30-дан астам фактісін анықтады. Полицейлер құқық бұзған азаматтарға тиісті шара қолданды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары