СҚО-да 840 млн теңге жымқырған кәсіпкер сотталды

/
СҚО-да 840 млн теңге жымқырған кәсіпкер сотталды
istockphoto.com

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін сотталған кәсіпкер П.-ға қатысты істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тергеу мәліметінше, П. 2021 жылы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің директоры бола тұра, «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен жылыжай кешенін қаржыландыру туралы шарт жасап, 840 млн теңге бюджет қаражатын алған. Алайда ол міндеттемелерін орындамай, ақшаны жеке мақсаттарына жұмсаған.

2025 жылғы 20 тамызда Петропавл қалалық соты П.-ны 6 жылға бас бостандығынан айырған. Сондай-ақ оған 7 жыл бойы қаржы және коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқаруға тыйым салынды.

Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды. Сот алқасы бірінші сатыдағы соттың шешімі заңды әрі негізді деп танып, материалдық және іс жүргізу нормаларының бұзылмағанын атап өтті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары