ОРАЛ ЕЛГЕ ОРАЛҒЫСЫ КЕЛЕДI

ОРАЛ ЕЛГЕ ОРАЛҒЫСЫ КЕЛЕДI

ОРАЛ ЕЛГЕ ОРАЛҒЫСЫ КЕЛЕДI
ашық дереккөзі
231

Кеше түнгi Алматыдан шыққан үлкен автобус, Тарбағатай сiлемдерiне бесiн ауа жеттi. Өзiмiз көрiп жүрген Мақаншы ауылы. Ауасы таза, суы тұнық дегендей. Елдiң әл-ауқаты бұрынғымен салыстырғанда да жақсы түзелiп қалған.

Күтiп отырған құданың үйiне ат басын тiреп, бiрақ "уһ" дедiк.Шәй iшiп, мызғып алғанша тамақ та пiсiп үлгерiптi. Жақсы демалып, ертеңiне құданың шақыртқан таксиiне мiнiп, шығысқа бет түзедiк.

Алматыға Қытайдан келiп, пұл табу үшiн жүрген көршi әйел Баршанды ертiп, Қытайды көрмекшiмiн. Менiкi әншейiн ерiккен iс iспеттi.

Түзу асфальт жол шекараға да алып келдi. Талай кiтаптан оқып, кинодан көрген шекара. Аржағында көлбеген көп таулар, жоталар. Шекарадан өткенде, бiр қорқыныш па, бiр қобалжу ма, жүрек дiрiлдеп бiр сезiм пайда болды. Шекарашылар өзiнiң ережелерiмен бiздi шекарадан өткiздi. Елiне, туып өскен жерiне, туыс жолдастарына, балаларына келе жатқан соң, Баршын көңiлдi.

Мен бәрiне сын көзбен қараймын, әрине менi ешкiм сынап кел, деп жiберген жоқ. Ол өз сезiмiм. Бiздi такси төрт қабатты, төрт үйдiң шеткiсiне түсiрiп кеттi. Таксист ұйғыр жiгiт екен, қазақшаға судай, бiзге қайтарған ақшасының жартысы, бiзше айтқанда самопал болып шықты.

Талай жылдан берi жөндеу көрмеген үйлер екен. Бiз төртiншi қабаттағы, Баршынның қайын сiңiлiсiнiң үйiне келдiк. Ол шаруасымен кетiптi де, үшiншi қабаттағы көршi қазақ жiгiтiнiң үйiне түстiк. Қазақ қайда жүрсе де, қазақ қой, шәй берiп күтiп жатыр. Баршынның екiншi сыныпта оқитын ұлы, қара терге түсiп жүгiрiп келiптi, мамаң келдi, — дегендi естiп. Анасы қасында болғанға не жетсiн! Арасында қытайша бiрдеңе деп, анасымен сөйлесiп жатыр.

Бiз келген үйдiң отағасы отыздан асқан Орал деген жiгiт екен. Әйелi медбике болып жұмыс iстейдi екен. Екi қызы бар, үлкенi 12-13 жас шамасында, кiшiсi төрт айлық. Мен тыныш отырмай, ендi сендерге ұл керек екен ғой, — деп қалдым. Амал қанша ол болмайтын шаруа, — дедi үй иесi.

— Неге? — деймiн, бұрындары естiп жүрсем де, шындықпен бетпе-бет келу әрқашан қиын ғой.

— Ала алмаймыз, рұқсат жоқ, — дейдi. Туа алмаймыз демейдi. Кәдiмгi бiр дүкеннен алатын зат сияқты. Арасында хансауша сөйлеп қояды. Кәдiмгi бiздiң сөзiмiзге орысша қосқанымыз сияқты. Қазақ орыспен дос болғанына үш мың жылдан астам уақыт болды. Бiз жаққа қосып сөйлеу, ештеңе емес сияқты. Ол жақта қазақ ұлттық мектебi жоқтың қасы көрiнедi. Мен барған жер Шәуешек қаласы. Менiң түсiнiгiмше аудан орталығы. Жақсы жерлерi бар. Көше толған велосипед, мотоцикл, такси. Жекеменшiк машина iлуде бiреу ғана. Сол жерде тұратын қандастарымыздың айтуларынша, ауылды жерде тұрмыс өте төмен көрiнедi. Қала тұрмысы бiздiң ауылмен салыстыруға келмейдi, өте нашар, төмен. Барған күнi жол серiктесiм менi бiзше, кафеге дастарқан жасап күттi. Өте тамаша күттi десе де болады. Өз сiңiлдерi, жеңгесi қайын сiңiлсi және мектепте бiрге iстеген мұғалiм апайлары 8-9 адам болды. Тамақты сәй дейдi екен. Бiзше айтқанда түрлi салаттар сияқты көрiндi. Алдыңа кiшкене табақша бередi және екi таяқша, ал да жей бер. Ертеңiне ұлттық асханаға апарды. Сонымен риза болып, ары Үрiмшiге жүрiп кеттiм. Бiрақ… Бiрақ кетерiмде көздерi боталап қалып бара жатқан, жетiм баладай кездескен қазақтарым. Балалары қытайша оқиды екен. 2008 жылдан бастап, басқа тiлдегi мектептердi жауып, тек қытай тiлiндегi мектептер ғана қалада екен. Оқысаң қытайша оқы, оқымасаң қой, — дегенi. Елге кетерiмде, әлгi Орал келдi, қолында сары атлас матаға түйiлген түйiншегi бар.

— Апай сiз кетейiн деп жатыр екенсiз, сiзге мынаны көрсетiп қалғым келдi, — дейдi. Түйiншектiң iшiнде екi асық, қолдан құйылған не қола, не алтын болу керек. Тағы бiр оюлы дөңглек ауырлау, ол да сондай бiр зат. Тағы бiр дөңгелек "Спартакиада казахстанских ВУЗ-ов" деген жазуы бар. "Бұл не жазу" — дейдi. Ол жазуды мен түсiндiрдiм. XV ғасырдағы бiр зат бар 250 грамм болады бетiнде ағаш, торғай, күн бұлт, адам суретi бар, — дедiм мен. Әйелiң медбике, өзiң бiрдеңе iстерсiң, — дедiм. Менiкi бос сөз болса да, азаматқа деген жан ашуымнан шыққан сөз едi. Өзi автомектепте жатыр. Қарапайым қазақтың шәйiн де ұмыта бастаған оларға кiм көмектеседi? Олар шынымен өшуге айналған сияқты. Олардың сөзiмен айтқанда тағы бала алса, бастықтарынан бастап салық салып, өздерi тағы ақша төлеп, қызметiнен төмендеп күн көрiс¬тен қалатын көрiнедi. Бiреу тойып секiредi, бiреу тоңып секiредi! Қазақтың бiр өтiрiк сөзi жоқ қой. 20-25 жыл жұмыс iстеген адамдарға зейнетақы бередi екен, оны өздерiнше "Мағаш" деп айтады екен. Сонымен балаларын оқытып, екi баласын асырап жүрiп жатыр екен. Бәрiнiң ойы елге (Қазақстанға) келсек дейдi. Елге келсек артында көп сұрақ… жауабын таба алар емеспiн.

Елiм, жерiм, ұлтым деген ел азамматтары осы мәселеге көңiл аударса екен!

Зейнеткер Райхан АХМЕТОВА

Серіктес жаңалықтары