Бүгін шетел валюта бағасы қанша теңгеден саудаланып жатыр

/
Бүгін шетел валюта бағасы қанша теңгеден саудаланып жатыр
istockphoto

Астана және Алматы қалаларындағы ақша айырбастау орындарында шетел валюталарының жаңартылған бағамы белгілі болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Kurs.kz порталының мәліметіне сәйкес, елордадағы айырбастау пункттерінде АҚШ доллары 487,09 теңгеден сатып алынып, 495,56 теңгеден сатылып жатыр.

Еуроның сатып алу бағасы 557,46 теңгені құраса, сату бағасы 567,43 теңге деңгейінде. Ресей рублі Астанада 6,00 теңгеден сатып алынып, 6,30 теңгеден сатылуда. Ал Қытай юані 72,24 теңгеден қабылданып, 76,17 теңгеден ұсынылып отыр.

Алматы қаласындағы айырбастау орындарында доллар 490,13 теңгеден сатып алынып, 492,49 теңгеден сатылып жатыр. Еуро 561,83 теңгеден қабылданып, 567,73 теңгеден ұсынылуда.

Сонымен қатар, Ресей рублі 6,02 – 6,18 теңге аралығында саудаланса, Қытай юані 71,95 – 74,60 теңге аралығында айырбасталып жатыр

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары