Ұлттық ұланда үздік шаңғышылар анықталды

/
Ұлттық ұланда үздік шаңғышылар анықталды
Фото: ұлттық ұлан

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығында әскери қызметшілер арасында шаңғы жарысынан өткен біріншіліктің жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жарысқа төрт жас санаты бойынша 15 команда, барлығы 60 спортшы қатысты.

Жеке есепте чемпион атанғандар: Медет Сағындық (35 жасқа дейін), Ерік Мусаипов (40 жасқа дейін) және Ержан Айтуғанов (40 жастан жоғары).

Командалық есепте «Б» орталығы жеңіске жетті.

Екінші орынды Жауынгерлік дайындық бас басқармасының құрамасы иеленді.

Үшінші орын Байланыс басқармасына бұйырды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, грамоталармен және ауыспалы Кубокпен марапатталды.

Мұндай турнирлер әскери қызметшілер арасында командалық рухты нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттауға және құқықтық тәртіп әскерлері қатарында қызметтік-қолданбалы спортты дамытуға серпін береді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары