ТЖМ қызметкері жануарды құтқару үшін 3 шақырым жүгірген, деп хабарлайды turkystan.kz Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.
Оқиға Ақмола облысының Макинск қаласының маңында болған. Малшының жылқысы көпір астындағы қалың қарға батып, қозғала алмай қалған.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар жылқыны алдымен қар құрсауынан босатып, жолға жақын жерге дейін сүйреп шығарды. Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Бахтияр Абдрахманов тізгінді қолына алып, жылқымен бірге қалаға қарай жүгіріп барған.
Қатты аязға қарамай, құтқарушы шамамен үш шақырымға жуық жолды тоқтамай жүгіріп өткен.
ТЖМ қызметкері жануарды құтқару үшін 3 шақырым жүгірген (ВИДЕО)