Судьяларға өмір бойы қамтамасыз ету төлемі беріледі

Судьяларға өмір бойы қамтамасыз ету төлемі беріледі

Судьяларға өмір бойы қамтамасыз ету төлемі беріледі
ашық дереккөзі
225

Бүгін Парламент Сенаты «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» заңды қабылдады.

Аталмыш заң жобасы отставкадағы судьяларға өмір бойы төлем енгізуді көздейді. ҚР Жоғарғы сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ильяс Испанов: «Құжат бойынша кемінде он бес жыл судьялық жұмыс өтілі бар және заңда белгіленген зейнеткерлік жасқа толған отставкадағы судьяларға өмір бойы төлемді қамтамасыз ету көзделеді. Ол төлем судьяның соңғы атқарған қызметінде алған жалақысының елу пайызы көлемінде болады және сол судьяларды ары қарай ынталандыру үшін әр қосымша істеген қызметтік жылы үшін бір пайыз қосылып отырады», – деді Сенаттың жалпы отырысында.

Ал судьяның өмір бойғы қамтамасыз ету төлемінің мөлшері өзге құқық қорғау органдары тәрізді 109 айлық есептік көрсеткіш көлемінде болмақ. Заң қабылданбай тұрып судьяларға өмір бойғы қамтамасыз ету төлемін белгілеу мәселесі республикалық бюджет комиссиясының отырысында қаралып, қолдауға ие болған. Жаңа заңға сәйкес республикалық бюджет есебінен судьяларға төленетін қосымша міндетті зейнетақы жарналары алып тасталады. Ильяс Испановтың айтуынша, заң күшіне енсе отандық сот саласының дамуына ықпал етеді. Сондай-ақ, білікті судьялардан тұратын сот корпусын қалыптастыруға септігін тигізеді.

Парламент қабылдаған конституциялық заң Президенттің қол қоюына жолданады. Ал жаңа заң 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілмек.

Серіктес жаңалықтары