Д.А.ҚОНАЕВТЫ ЕСКЕ АЛУ КҮНІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ

Д.А.ҚОНАЕВТЫ ЕСКЕ АЛУ КҮНІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ

Д.А.ҚОНАЕВТЫ ЕСКЕ АЛУ КҮНІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ
ашық дереккөзі

Жыл сайын қалыптасқан дәстүр бойынша Д.А.Қонаевтың мәңгілік көз жұмған 22 тамызда еске алу күні рәсімі жалғасып келеді. Осыған орай, Алматы қалалық әкімшілігі мен «Халықаралық Д.А.Қонаев қоры», «Д.А.Қонаев мұражайы» Сіздерді 2012 жылдың 22 тамызында Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты еске алу күніне арналған арнайы бағдарламаға қатысуға шақырады.

Бағдарламаның күн тәртібінде:

12.00 – Д.А.Қонаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою салтанатты рәсімі. (Республикалық «Ұлан» гвардиясы сарбаздарының құрметті қарауылының қатысуымен)

12.30 – Д.А.Қонаев мұражайын тамашалау.

15.30 – «Алатау» кинотеатрында «Узелки памяти» атты фильмнің тұсаукесері.

Д.А.Қонаевты еске алу күніне арналған бұл рәсімге белгілі қоғам қайраткерлері, Дінмұхамед Ахметұлының ізбасарлары мен замандастары, соғыс және еңбек ардагерлері, туыс-туғандары, әдебиет пен өнер қайраткерлері қатысады.

Ұйымдастыру алқасы