ЖҰРТШЫЛЫҚ ЖҰМЫЛА ҚАТЫСТЫ

ЖҰРТШЫЛЫҚ ЖҰМЫЛА ҚАТЫСТЫ

ЖҰРТШЫЛЫҚ ЖҰМЫЛА ҚАТЫСТЫ
ашық дереккөзі

«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы облыстық филиалының баста­масымен «Әруаққа құрмет – тiрiге мiн­дет» деген атпен халықтық акция ұйым­дас­тырылды. Бұл шара облысы­мыз­дың барлық аудандарында өткiзiлiп, оған 50 мыңнан астам адам қатысты.

Шара барысында әруақтар рухына Құран бағышталып, зираттарға тазалық жұмыстары жүргізілді. Қасиетті рамазан айының қарса­ңында ұйымдастырылып отырған имандылық шарасы облыс орталығындағы қазақ бейітінен басталды.

Халықтық жиында партияның облыстық филиал төрағасының бірінші орын­басары Өлмесхан Болатбеков сөз сөйледі, «Сырдария-Ақмешіт» орталық мешітінің найб-имамы Серік Бердіқожаев әруақтар рухына арнап Құран оқыды.

Бұл күнгі имандылық шарасына қала әкімдігіне қарасты елуге тарта­ мемлекеттік мекеме мен қоғамдық ұйым­дардан 15 мыңның үстінде жамағат қатысып, тазалық жұмыстарын жүргізді.