20 ЖЫЛДЫҚҚА 20 ЖЫЛҚЫ ТІГЕТІН КЕШ

20 ЖЫЛДЫҚҚА 20 ЖЫЛҚЫ ТІГЕТІН КЕШ

20 ЖЫЛДЫҚҚА 20 ЖЫЛҚЫ ТІГЕТІН КЕШ
ашық дереккөзі

19 мамыр күні сағат 18.00-де Респуб­лика сарайында «Жұлдыздар отбасы» және «Жұлдыздар отбасы – АҢЫЗ АДАМ» журналдарының «20 жылдыққа – 20 жылқы!» атты ән кеші өтеді. Бұл кеш – таңдаулы әндер мен жырлардың, мың бұралған әдемі билер мен тәтті күйлердің кеші болмақ.

Кешке Сәбит Оразбаев, Секен Тұрысбеков, Рамазан Стамғазиев, Алтынай Жорабаева, Ақбота Керімбекова, Заттыбек Көпбосынов, Қайрат Нұртас, Асқар Жүнісбеков, Айгүл Қосанова, Ардақ Балажанова, Елена Әбдіқалықова, Әлішер Кәрімов, «Тараз» триосы, Ерлан Рысқали, «Інжу-маржан», «Асыл» топтарымен бірге, айтыскер ақындар Айнұр Тұрсынбаева, Ақмарал Леубаева, Рүстем Қайыртайұлы, Төреғали Төреәлі қатысып, ән мен жырдан шашу шашады.

Сонымен бірге, аталмыш журналдардың Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында өздерінің тұрақты оқырмандары арасында ұтысқа 20 жылқы тіккені белгілі. Ән кешінде осы 20 жылқының иегерлері де анықталатын болады. Оны анықтап, айқындайтын еліміздің белгілі қоғам қайраткерлері мен халық жазушылары, халық әртістері.

Талғамы биік көрерменді таңдаулы концертті тамашалауға шақырамыз.