АЛҒАШҚЫ СОТ ОТЫРЫСЫ

АЛҒАШҚЫ СОТ ОТЫРЫСЫ

АЛҒАШҚЫ СОТ ОТЫРЫСЫ
ашық дереккөзі

Былтыр 16-17 желтоқсанда Жаңаөзен қаласында болған көтерiлiске қатысты сот отырысы басталды. Ақтау қаласындағы «Арман» жастар орталығы ғимаратында қазақ тiлiнде өтiп жатқан сотқа судья Оразбай Нағашыбаев төрелiк етуде.

Жоғарғы соттың ресми өкілі Оксана Петерстің айтуынша, жалпы бұл сотқа 37 сотталушы, 100-ден астам жапа шегуші, 45 куәгер қатысуда. Оған қоса 6 мемлекеттік айыптаушы, 12 қорғаушы сотқа қатысады деп жоспарланған. Қылмыстық іс бойынша сот алдында 37 адам жауап береді. Оларға Жаңаөзенде жаппай бейберекетсіздіктерді (күш көрсету, от қою, қирату, мүлікті жою, билік өкілдеріне қарсы күш көрсету, ұрлық-қарлық әрекеттерімен қоса) ұйымдастыру бойынша айып тағылуда. Олардың 30-ы тұтқындалса, 7 адамға қатысты елден шығармау бойынша шара қолданылған.

Іс бойынша барлығы 108 жәбір­ле­ну­шінің шағымы тыңдалады. 45­­ куәгер де алдағы отырыстарға шақырылмақ. Әзірге, алғашқы отырыс айыпталушылардың жеке басын анықтап, негізгі айыптарды жариялаумен, олардың құқықтарын түсіндірумен шектелді. Сонымен бірге, тараптардың өтініштері де ескерілді. Істің анық-қанығына жету үшін алда әлі талай процестер күтіп тұр.

«Түркiстан-ақпарат»