СӘТБАЕВТЫҢ ІЗБАСАРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

СӘТБАЕВТЫҢ ІЗБАСАРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

СӘТБАЕВТЫҢ  ІЗБАСАРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ
ашық дереккөзі

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да университет түлегi, әншi, ақын, композитор Бекболат Тiлеуханмен кездесу өттi.Кездесудi университеттiң тәрбие iсi жөнiндегi проректоры Гүлнар Сәрсенбекова ректордың атынан сөз сөйлеп ашты.

Бекболат Қанайұлы студенттерге Қаныш Сәтбаевтың болашақ үшін атқарған істерін, жас ұрпаққа қалдырған ақыл-кеңестерін, үлгілі, өнегелі істерін айтып өтті. Өзінің студент кезін еске алып, естен кетпес қызықты оқиғалары жайлы естеліктермен бөлісті. Университет қабырғасында қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқанын да айта кетті.

Кездесу барысында Бекболат мырза студенттердің сұрақтарына жан-жақты жауап беріп қана қоймай, домбырамен ән салып, жиналғандарды бір желпінтіп тастады. Кездесу соңында студенттер атынан Жалел Бауыржан Бекболат мырзаға алғыс білдіріп, сөз сөйледі. Мәртебелі мейманға университет атынан естелік сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар, әнші студенттермен бірге естелік суреттерге түсті. Жастар үшін тағылымы мол кездесулердің бірі болды.

Өрден БАЙМОЛЛА