БАСЫН БӘЙГЕГЕ ТІККЕН АНА

БАСЫН БӘЙГЕГЕ ТІККЕН АНА

БАСЫН БӘЙГЕГЕ ТІККЕН АНА
ашық дереккөзі
266

Редакция табалдырығын аттаған Жұлдызай апайдың түр тұлғасынан ерекше бір батырлықты аңғардым. Өткір көзі мен кесек-кесек сөздері кез келген адамның өне бойынан табыла бермейтін нағыз жүректілікті көрсеткендей. Сол ызғарлы Желтоқсан көтерілісінде «ақ етікті апай» аталып кеткен Жұлдызай апай естияр кісі еді. Отбасылы, бала-шағалы алып жүректі ана алаңға қалай тап болды? Мұны біз Жұлдызай апайдың өзінен сұрадық. Сонау 1986 жылдың 16, 17, 18 желтоқсандағы жағдайды көз алдына әкелген Жұлдызай Қанапияқызының бір сәт жанарына жас үйіріліп, үнсіз қалды. Іле-шала бойын тіктеп алған Желтоқсан қаһарманы әңгімесін бастап кетті.

Сол күні Жұлдызай апай бір шаруамен Брежнев алаңында орналасқан Ауыл шаруашылығы министрлігіне соғады. Ойында ештеңе жоқ. Күтпеген жерден «Қонаевты орнынан алып тастапты. Оның орнына Мәскеуден біреуді әкеліпті» деген көңілсіз хабарды естиді. Бұл жаңалық Жұл¬дызайдың төбесінен жай түскендей әсер етті. Кенет есіне Мәскеудің «Правда» газетінде істейтін, бұларды съезге шақырған жолдастары Женяның 1985 жылы кездескенде: «Жақында Қа¬зақ¬станның мұнай, газ өндіретін аймағын түгелімен Орынборға қосады. Өйткені Горбачев Қазақстанда мұнай мен газ өңдеу зауыттары салынбайды, сондықтан олар шикізатты игере алмайды депті-міс» деген сөзі ойға оралады. Бұл әңгіме Жұлдызайдың намысына қатты тиіп, іштей ширықтырған болатын. Енді мына ауыс-түйіс сол жоспардың іске аса бастағанын көрсеткендей. Ол министрліктен шықса, Брежнев алаңына топ-топ адамдар жиналып қалған екен.

«Сол жерде ОК-ның бұл шешімі дұрыс емес, Қонаевты бұлай шығармау керек еді, орнына ел жағдайын жақсы білетін өзіміздің республиканың адамын қою керек деген сияқты сөздер жан-жақтан айтылып жатты. Осы күндері алаңда тек жастар ғана болды десіп жүр. Ол дұрыс емес, мен қатарлы адамдар да, тіпті бізден үлкен кісілер де сол жерде болды. Бір кезде «көшелерге шығып, барлық қазақ азаматтарын қатарымызға қосып алайық» деген идеяны бәрі қолдай кетті. Содан көше-көшені аралап кеттік. Жазушылар одағының алдына барып, Олжасқа айқайлағанымыз – бәрі-бәрі белгілі. Содан алаңға қайтып келсек, төңіректі қол¬дарына шүберек байлаған халық жасақ¬шы¬лары мен милиция екі қатар қор¬шап алыпты. Сырттан келген бізді кіргізбейді, іште қалған топты сыртқа шығармайды. Тағы бір ұран көтерген қалың топ та қосылды. Сол жерде мен жүгіріп алға шығып, Лениннің портретін ұстайық және «Да здравствует Ленинская национальная политика» деген ұранды алға қояйық, сонда бізге ешкім тимейді», – деп айғайладым. Солай етсек те бізді кіргізбеді. Сонан соң «Береке» дүкенінің маңы¬нан бір ақ халатты қыз жүгіріп шығып, бізге мына жерден өтіңдер деп айғайлады. Дүкеннің алдында қазылып қалған шұңқыр бар екен, біз сол жердегі саңылаумен алаңға күшпен кірдік. Ал сол ақ халатты қызды артынан, 20 жыл өткен соң тауып алдық. Ол – Гүлнәр Ыстықбаева екен.

… Төбелес болады деп ешкім де ойлаған жоқ, бәрі күліп-ойнап жүрді. Бәріміз өлең де айттық. Біздің мақсатымыз Қонаевты шығарып, сөзін есту еді. Мінберге үш рет шығып сөйледім. Бізге «Қонаев шықпайды, тараңдар, жұмыс орында¬рыңа барыңдар деп сөйлегендер» көп болды. Бірақ оларды ешкім тыңдаған жоқ. Біреулер оларға тас лақтыруды бастады. Оған себеп, бір қазақ бастықтың орысша сөйлегені болды. Ысқырған топ оған қазақша сөйле десе, анау мән бермеді, сонан соң тас лақтыру басталды. Мен өзімнің сөздерімде балаларды тыныш тұруға, арандатуға ермеуге, төбелеске шықпауға шақырдым. Арамыздан делегация жіберіңдер, біз Қонаевпен ауызба-ауыз сөйлесейік десек, құлақтарына ілмейді. Талап етіп қоймаған соң, бір жас балаларды жіберді. Мен секілді үлкен кісілерді жолатпады. Ересектер мені барсын деп итереді, ал милиция бізді кіргізбейді. Сөйтіп, жауапқа жарымадық. Әйтеуір, екінші жіберген делегация ішіне елулер шамасындағы бір кісі еніп кетті. Сол ағамыз шығып, «Қонаев өзі арыз жазып кетіпті», – деді.

Кешке қарай алаң тегіс қанға боялды. Жа¬расы жанына батып, қозғала алмай қалғандар, шашылған киім, түсіп қалған шәлі, бәрі-бәрі тротуарды толтырып тастады. Жастардың шыңғырған дауысы естілмесін деген болуы керек, бір қатты музыкаларды ойнатып қойыпты. Олардың үнінен құлақ тұнады. Алаңға келген «Жедел жәрдем» мәшинелері құлап жатқан жастарды алған жоқ, тек солдаттар мен жасақшыларға көмек берумен болды. Бұған ызаланған жастар кейбір «Жедел жәр¬дем» мәшинелерін төңкеріп тастады. Өрт сөндіргіш мәшинелер де өкіре кіріп, мұздай суды шаша бастады. Бірінің шлангасына жармасып, ағытып тастамақ болған едім. Жастардың есінде сол сурет қалып қойыпты. Артынан Тоқтар, Ертас және тағы басқа жігіттер: «Сіздің аяғыңыздағы ақ етік есімізде қалды дегендер көп болды», – деді.

Сол түні қоршаудағы алаңнан зорға қашып құтылып, бір үйдің кіреберісіне кіріп, аман қалдық. Сол кезде жастарды темірмен, күрекпен соққылап, итпен қуып бара жатқанын көрдім.

Бірақ ақ «Волгадағы» ми¬лицияның үлкен шенді адамы бұған: «Женщина, садитесь, мы с вами со вчерашнего дня знакомы», – дейді. Оны жа¬нындағы үш жігітпен бірге мәшинеге күштеп отыр¬ғызып, аудандық милиция бөліміне жеткізді. ОК-дағы ұйымдастырушының атын ата, сен оның адамы екеніңді білеміз. Осыны ұйымдастырушылардың бірі сенсің, ату жазасын алатын боласың деген қоқан-лоқылар көп болды. «Қабырғаға қойып, екі жағымнан пистолеттен оқ атып та қорқытты. Бір сәт көзім көрмей қалған да кездер болды. Ең қызығы, халық ешкім ұйымдастырмай-ақ өздері жиналды деген шын сөзімнің біріне сенбейді», – деп еске алады бір кездері басын бәйгеке тіккен ана.

Міне, осыдан соң Жұлдызай Бисенбаева Қаскелең ауданындағы «Шамалған»

стансасындағы «Друж¬ба» кеңшарындағы өнеркәсіптік кәсіпорынның бастығы қызметінен босап, партия қатарынан шығарылды. Бұдан кейін ешқандай жерге жұмысқа тұру, қызмет бабында өсу деген адыра қалды. Білімді, білікті басшының алдына қойған мақсат-мұраты күл-талқан болды. Алайда Жұлдызай апай Желтоқсан көтерілісіне қатысып, халықтың талай жылғы арман-тілегіне қол жеткізу жолында өзін де, қызметін де құрбандыққа шалғаны үшін өкінбейді де. Бұл Жұлдызай апайдың соңынан ерген біз сияқты іні-сіңлілеріне үлкен сабақ болатыны сөзсіз.

22.12.2011

Серіктес жаңалықтары