Маңғыстауда жантүршігерлік жол апаты болып, бір адам қаза тапты

/
Маңғыстауда жантүршігерлік жол апаты болып, бір адам қаза тапты
istockphoto.com

Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында қайғылы жол апаты болды. 10 қараша күні шамамен сағат 21:30-да жергілікті жолда Toyota Land Cruiser Prado және Renault Sandero Stepway автокөліктері соқтығысқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екінші көліктің жолаушысы – Бейнеу ауылының 41 жастағы тұрғыны қаза тапты.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, көліктердің бірінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіп жатыр.

Маңғыстау облысы полиция департаменті жағдайды бақылауда ұстап, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау мен өңірдегі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары