ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУҒА БЕТ АЛҒАН ЕЛ

ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУҒА БЕТ АЛҒАН ЕЛ

ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУҒА БЕТ АЛҒАН ЕЛ
ашық дереккөзі

Гүлбиғаш ОМАРОВА

Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдық белесін индустриялануға бет алған экономикасы бар, заманауи технологияларды игерген ұрпағы бар, ғалымы мен мұғалімі қадірлі, сауатты әлеуметтік саясаты бар мемлекет ретінде аттады. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан өнеркәсібінің өсімі 9 есе артты. Қазір оның көлемі 82 млрд. долларды құрайды. Британдық мамандардың соңғы зерттеулеріне сәйкес, Қазақстан экономикасының өсу қарқыны бойынша ХХІ ғасырдың алғашқы онжылдығындағы алдыңғы қатардағы үштікке енген.

Бұдан кейінгі дәуір бұрынғыдан жемісті болсын дейміз. Елді индустрияландыру саясаты қолға алынған уақыттан бері Қазақстанда жалпы құны 1,8 трлн. теңгеге жететін 389 өндіріс ошағы іске қосылған. Жаңа жобалар 68 мыңдай жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.Елдің Үдемелі индустриалды-инно¬вация¬лық даму бағдарламасының екі жылдық нәтижелері осындай.

Қазіргі таңда Индустрияландыру картасына 609 жоба енгізілген. Олардың барлығына шамамен 9,5 трлн. теңге жұмсалған. Осы жобаларды жүзеге асыру барысында 179 мың жұмыс орны ашылды. Бүгінгі таңда Қазақстан экспортқа үлкен көлемде мұнай, газ, темір рудасын шығаруда. Үдемелі индустриалды-инновациялық бағ¬дарлама халықаралық нарыққа мұнай-химия өнімдерін, дайын өнімдер шығаруды көздейді.

Экономиканы түрлендіру қажеттілігі осы 20 жылда аз айтылған жоқ. Алайда отандық өндірісті дамыту саты-сатылап біртіндеп жүзеге асып жатыр. Көз – қорқақ, қол – батыр. Отандық өндірушілер әуелі ішкі нарықты қамтамасыз етіп, содан кейін біртіндеп сыртқы нарыққа тауар шығара бастады.

Кеден одағы аяс

ында, келесі жылдан бас¬талатын Біріккен экономикалық кеңістік аясында тауар өндірушілер арасында бәсеке күшейеді. Шынайы бәсекелестік отандық өндірушілерді сапалы өнім шығаруға, тұ¬тынушы үшін ұдайы ізденісте болуға итер¬мелейді.

Оның үстіне, БЭК аясында әрбір тауар өндіруші енді үш мемлекеттің кез келгенінде мемлекеттік сатып алу байқауларына қатысып, өз өнімдерін ұсына алады.

Экономикадағы басым бағыттардың бірі ретінде «болашақтың экономикасы» деп аталатын ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, биотехнологиялар, баламалы қуат көздері мен ғарышты игеру салаларына да айрықша назар бөлініп отыр. Бұл салалар алдағы 15-20 жылда ғаламдық экномикада жетекші рольге ие болады деген болжам бар.

Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы 2014 жылға дейін жоспарланған. Бұған дейінгі индустрияландыру саясатынан өзгешелігі бұдан былай өндірісті инновацияландыруға баса көңіл бөлінетін болды. Экономиканы өндіріс пен өңдеуге бейімдеу үшін жаңа технологияларды әкеліп, елге сіңіріп, тың инновациялық ізденістер арқасында өнеркәсіптің әртүрлі салаларын жандандыру.

Бұл құжат Индустриялды даму туралы стратегияны, кластерлік жобаларды, «Қазақстанның 30 корпоративті көшбасшысы» жобасын, Көлік стратегиясы сияқты жалпы саны 50-ден астам бағдарламаларды біріктірген.

Жаңа индустриялды саясат аясында ауыл шаруашылық кешенін дамыту, құрылыс саласы мен құрылыс материалдарын шығаруды, мұнай өнімдерін өңдеуді, металлургия мен дайын металл өнімдерін шығаруды, химия, дәрі-дәрмек, қорғаныс өнеркәсібін дамытуды, энергетика, баламалы қуат көздерін дамыту, көлік және телекоммуникация салаларында инфрақұрылымдарды жетілдіру мәселелері басым бағыттар етіп бекітілген.

Индустриялды саясат нәтижесінде 2015 жылы елдегі ауыл шаруашылығы өнім¬дерінің экспорттағы көлемі 8 пайызға дейін жеткізілмек. Сондай-ақ алдағы үш-төрт жылда ішкі рыноктың 80 пайызы отандық құрылыс материалдарымен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ осы бағдарламаға сәйкес, 2014 жылы мұнай өңдеуші зауыттар жергілікті тұтынушыларды сапалы мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуі тиіс. Дайын металл өнімдерін шығарып, экспорттау көлемін екі еселеу жоспарланған. Бұған қоса бағдарлама аяқталар тұста ел тұрғындарына қажетті дәрі-дәрмектің жартысынан көбін отандық өндірушілер қамтамасыз ету керек.

Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының арқасында 2015 жылы Қазақстанда ЖІӨ 7 триллион теңгеге жетуі тиіс.

Экономист мамандар жоспардағы жоба¬лардың ойдағыдай жүзеге асыры¬латын¬дығына күмәнданбайды. Өйткені елде қуатты өнеркәсіптік қабілет бар.

Былтыр осы бағдарлама бойынша ашылған кәсіпорындар ЖІӨ 7 пайызының 2-уін құраса, биыл бұл көрсеткіш 2,6 па¬йыз болуы тиіс.

2008-2009 жылдары елде инновациялық белсенді деп кәсіпорындардың 4 пайызы ғана танылған еді.

Былтыр инновациялық жобаларды іске қосқан кәсіпорындар саны 4,3 пайызды құраған. Құрылыс материалдарынан басқа өндіріс салаларында инновациялық даму қарқыны әжептәуір екені байқалады.

Ал былтыр ЖІӨ-дегі инновациялық өнімдер үлесі 0,66 пайызды құрады. Бұл, әрине, аздық етеді. АҚШ-та инновациялық өнімдер ЖІӨ-нің 50 пайызын, Түркияда – 33 пайыз, Венгрияда – 47 пайыз, Эстонияда – 36 пайыз, ал Ресейде – 9,1 пайызын құрайды.

Желтоқсан айының басында Елбасы телекөпір арқылы елдің жаңа индустриалды нысандарының ашылу салтанатына куә болды. Осы жобалардың бірі – Астана қаласындағы «Тұлпар-Тальго» жолаушы вагондар құрылысы зауыты. Бұл зауыт алдағы төрт-бес жылда республиканың барлық аймағын отандық вагондармен қамтамасыз ететін болады.

Бұдан басқа Елбасы онлайн жүйесінде Қостанай облысындағы технологиялық секцияның, Маңғыстау облысындағы «Аққу» планшет компьютерлер өндірісінің, Ақтөбе облысындағы газ қалдықтарын жою кешенінің, Жамбыл облысындағы медициналық өнімдер өндірісінің, Қарағанды облысындағы катодты мыс өндірісі зауытының, Қызылорда облысындағы күкірт қышқылы зауытының, Шығыс Қазақстан облысындағы былғары-жүн комбинатының, Батыс Қазақстан облысындағы көмірсутекті шикізатты аршу, тұрақтандыру құрылғысының, Алматы облысындағы ет өнімдерін өңдеу комбинатының, Алматы қаласындағы метроның, Павлодар облысындағы қайта құрылған жылу электр станциясының, Атырау облысындағы мұнай-газ өнеркәсібіне қажетті химиялық реагенттер шығаратын зауыттың, Солтүстік Қазақстан облысындағы макарон-диірмен кешенінің, Оңтүстік Қазақстан облысындағы дайын мақта өнімдері өнеркәсібінің, Ақмола облысындағы өсімдіктерді қорғауға арналған химиялық дәрі-дәрмек өндірісінің тұсауын кесті. Мемлекеттік маңызы бар Шарын өзе¬нін¬дегі Мойнақ ГЭС-і мен Алматы облы¬сындағы «Жетіген-Қорғас» теміржол желісі мен Маңғыстау облысындағы «Өзен – Түркіменстан мемлекеттік шекарасы» темір¬жол нысандары, Жамбыл облысындағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасы да осы телекөпір аясында іске қосылды.

Елді индустриаландыру жұмысы – жал¬пыхалықтық іс. Оның нәтижесі мемлекет үшін экономикалық өсім арқылы көрінсе, қарапайым халыққа әлеуметтік ахуалдың оңалуы, тұрмыстың жайлы болуы арқылы сезілсе керек. Алдағы үш жылға созылатын Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының берері көп болғай.

22.12.2011