ЖАС КЛАРНЕТШІНІҢ КЕМЕЛ ӨНЕРІ

ЖАС КЛАРНЕТШІНІҢ КЕМЕЛ ӨНЕРІ

ЖАС КЛАРНЕТШІНІҢ КЕМЕЛ ӨНЕРІ
ашық дереккөзі

Таяуда Жамбыл атындағы қазақ Мемлекеттiк филармониясының үлкен сахнасында ҚР тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығына арналған Республикалық А.Жұбанов атындағы музыка мектебi оқушыларының концертi болып өттi. Бұл жолы өнерсүйер қауым классикалық аспаптарды кәсiби деңгейде меңгерген жеке орындаушылардың өнерiне куә болды.

Саз шымылдығы Мемлекеттік сим­фо­ния­лық оркестрдің сүйемелдеуімен жас күйсандықшы Хамитова Назымның орындауында В.А.Моцарттың №22-ші концертімен ашылды. Мұнан кейін түрлі деңгейдегі конкурстардың лауреаты, күйсандықшы Ернұр Еламан Л.В. Бетховеннің №3 концертін орындағанда көрермендердің арасында отырған анасы Г. Ықыласова қуаныштан көзіне келген жасты ірке алмады. Өз кезектерінде флейташы Болатова Айнұр мен валторнашы Мамытбаев Сырым ойдағыдай өнер көрсетіп гүл шоқтарына бөленді. Кларнетші Азиз Алпысбаевтан кейін сахнаға шыққан труба аспабының орындаушысы Тоқабаев Райымбектің өнеріне көрермендер түгілі концертті тамашалап отырған кәнігі музыка майталмандары да дән риза болды. Себебі бұрынырақта, труба аспабында өнер көрсетіп, әлемдік деңгейге көтерілгендердің бірегейі ҚР Халық әртісі атанған Ю.С. Клушкин мырза еді. Ал Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған концертте жас та болса өзінің шымыр өнерімен тыңдармандар жүрегіне жол тапқан 10-сыныптың оқушысы Р. Тоқабаев шеберлік шыңынан көрінді деуге болады.

Талап ҚАНАҒАТҰЛЫ