ҚАШАН ӨЗГЕРТЕМІЗ?

ҚАШАН ӨЗГЕРТЕМІЗ?

ҚАШАН ӨЗГЕРТЕМІЗ?
ашық дереккөзі
218

Үкімет басшылығы атау берудің бәрін өзіне жиып алды. Ауыл, аудан тіпті, облыс әкімдерінің қолынан мектеп аттарын заманға сай өзгерту, ауылдардың Кеңес Одағы тұсында орыс тілінде аталғандарын қайтадан бұрынғы тарихи атаулармен алмастыру келмейді.

Көше аттарын өзгертсең де, оны бекітіп беру құжатын үкімет өзіне қаратып алған. Қазір Үкімет «Шық бермес Шығайбайдың» рөлін атқарып отыр. Еш­­теңені өзгертуге жол бермейді. Сонда Қазақ­стан сол баяғы шала орыс күйінде қала берсін дегені ме?

Мәселен көптеген мектеп аттары өткен ғасырдың Крупская, Ворошилов, Киров, Каганович, Котовский, Клара Цеткин, Горький күйінде қалып отыр. Сол кезде жазылған құлаштай атаулар әлгі білім ұяларының қабырғаларында әлі ілулі тұр. Көптеген аудандардағы ауыл атаулары да, көшелер де Тәуелсіздігімізге 20 жыл толғанымен, әлі де ескі заманның (большевиктердің) аттарымен аталып келеді.

Ал Тәуелсіздік дегеніміздің өзі осылар­дан, турасын айтқанда, отарлық атаулардан арылу, тазалану емес пе?!

Сонда, Үкіметте осыларды өзгерттірмей кім ұстап отыр деген сұрақ туады. Қазір демократия, сөз бостандығы дейміз. Ал қанша жазсақ та, айтсақ та сөздеріміз шенеуніктердің құлақтарына жетпейді. Мен Үкімет ауысады дегенде ылғи да қуанамын. Неге? Ел қамын ойлап, қазақ жұртын жаңар­татын азамат үкіметке келсе деп ойлаймын.

Тәуелсіздікті ойын-тоймен немесе тек қана зауыт, фабрика салумен ғана қарсы ала береміз бе?

Әрине, экономиканың өркендегені, адамдардың жұмыспен қам­тамасыз етілгені жақсы ғой. Дегенмен бодандық атауларынан жартылай болса да арыла алмай әлі отыр­мыз. Сонда бұл қалай болғаны, Айтыңыздаршы?!

08.12.2011

Бейсенғазы ҰЛЫҚБЕК,

Қазақстан

Журналистер

одағының мүшесi

Серіктес жаңалықтары