«АСТАНА» ЖУРНАЛЫ

«АСТАНА» ЖУРНАЛЫ

«АСТАНА» ЖУРНАЛЫ
ашық дереккөзі

Нөмірдегі дәстүрлі «Тәуелсіздік әліппесі» айдарының бұл жолы «Қ» әрпіне –Қашаған мұнай-газ кен орнына арналды. «Тәуелсіздік қалай шынықты?» айдарынан Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Сыртқы істер министрі Төлеутай Сүлейменовтің өмірінің белестері мен елдік жайлы ойларын оқи аласыздар. «Мінкен ер» айдарының қонағы – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Мұхтарбай Өтелбаев.

«Қайтсек көгереміз, қайтсек көбейеміз» деген нөмір тақырыбының аясында жаппай егу– вакцинацияның зияндығы («Егіліп есейгенше…»), денеден тыс ұрықтандыру саласына қатысты ұлт болашағы мәселесі («Криобанк») туралы мақалаларды оқи аласыздар. «Қысы бардың зәрі бар» айдарында журналист Әмірхан Алмағанбетов отандық тері өңдеу кәсіпорындарының хал-ахуалы жайлы мәселе қозғайды («Қытайы тоннан тоңдым»). «Қазақстан-Бақстан: 7 және 37 керемет» айдарымен Көкше аясындағы сексен көлдің біре гейі – Қараүңгір көлінің көріністері жарияланды.