ТАУТҰЛҒА

ТАУТҰЛҒА

ТАУТҰЛҒА
ашық дереккөзі

Елбасымыз Н. Ә.Назарбаев өзiнiң бiр сөзiнде елiмiздегi мұражайлар туралы айта келiп: «Көненiң көзiндей, тарихтың өзiндей болған жәдiгерлердi жинақтап, жүйелеу, оларды келешекке сақтап жеткiзу, өзге жұртқа барымызды көрсетiп насихаттау – абыройлы мiндеттiң бiрi» деген пiкiр айтқан болатын.Бүгiнгi таңда Қазақстанда ел өмiрiн, тұрмыс-салтын, тарихы мен мәдениетiн, бiлiмi мен ғылымын, тағы басқа да салаларын қамтитын 90 ға жуық мемлекеттiк мұражайлар жұмыс iстейдi екен. Солардың арасында өзiндiк ерекшелiгiмен дараланатын өткен ғасырда «Ғасыр саңлағы», «Елу жыл – ел ағасы» атанған, үш мәрте Еңбек Ерiнiң Алтын жұлдызын алған Ұлы тұлға Дiнмұхамед Ахметұлы Қонаевтың тарихи-мемориалдық мұражайы.

Көрермендер үшiн есiгiн айқара ашқанына он жыл толғалы отырған мұражайдың басқа мұражайлардан бiр ерекшелiгi – мұнда қойылған жәдiгерлердiң барлығы дерлiк тiкелей Дiнмұхамед Ахметұлының өнегелi өмiрi мен қызметiне байланысты құжаттар, жеке тұтынған заттары жинақталған.

Д. А.Қонаевтың туғанына 100 жыл толу мерейтойына орай елiмiздегi барша халықтар атап өтер күн де жақын қалды. Осыған орай, Д. А.Қонаев мұражайының тұңғыш директоры Болысбек Заманбекұлы Батталхановтың ұйымдастыруымен «100 жылдыққа – 100 шара» деген бастамамен 2010 жылдан бастап, көптеген игi шаралар жүзеге асырылып келедi.

Үстiмiздегi жылдың 13-21 қазаны ара­лығында Қазақстан Республикасының 20 жыл­дығы мен Д. А.Қонаевтың 100 жылдық мерейтойына орай Алматы қаласындағы жоғары оқу орындары студенттерi мен оқытушылары, колледж, гимназия, мектеп оқшылары мен оқытушылары арасында «Д. А.Қонаев оқулары» болып өттi.Бұл оқулардың негiзгi мақсаты – болашақ жас мамандар мен оқушылар, жеткiншек жас­тар арасында Д. А.Қонаевтың ғылыми еңбектерiн, ғалым әрi мемлекет және қоғам қайраткерi ретiндегi өнегелi өмiрiн студенттер арасында тереңдете оқытып, насихат жүргiзу, патриоттық тәрбие беру. Елiмiздiң тарихы мен мәдениетiн, өткен ғасырдағы қилы-қилы тағдырлар жайлы жастарға жан-жақты мағлұматтар беру.

Қазан айының 17 күнi «Д. А.Қонаев оқуларына» қазақтан шыққан тұңғыш ғалым – инженер, Түркiсiб темiржолын са­луға қатысқан Мұқаметжан Тынышбаев атындағы Көлiк және коммуникация академиясының кiтапханасында өткен дә­рiске академияның 3-4 курс студенттерi мен оқытушылары қатысты. Бұл шараны академияның ректоры Әдiлбек Ботан­беков алғы сөзбен ашты. Д. А.Қонаев мұра­жайының директоры Болысбек Батталханов, Қазақстанның Мәскеудегi бұрынғы елшiсi Сәбит ЖадановҚонаевтың өмiр-тарихы жайлы студенттерге қызықты әңгiмелеп бердi. Халқымыздың ғасырда бiртуар перзентi жайлы сұрақ-жауап ретiнде алуан түрлi сауалдар қойылып, викториналар ұйымдастырылды.Сауалдарға жақсы жауап берген жеңiмпаздарға Д. А.Қонаев жайлы жазылған кiтаптар мен күнтiзбелер сыйға тартылды.

18 қазан күнi «Д. А.Қонаев оқулары» Алматы Технологиялық университетiнде жалғасты. 2-3 курс студенттерi мен оқытушы­лары, университет басшылары қатысқан «Қонаев оқуларының» бұл кезектi дәрiсi де қызықты өттi.Осы ғылыми-танымдық оқудың алғашқы кiрiспесiн университет ректоры Құралбек Құлажанов алғысөзбен ашты. Iлияс Жансүгiров атындағы сыйлықтың лау­реаты, көрнектi ақын Рафаэль Ниязбеков студенттерге Дiнмұхамед Ахметұлы жайлы көптеген тың деректердi әңгiмелеп бердi. Өзiнiң шығармаларынан үзiндi оқып, «Қыдыр-ғұмыр» атты кiтабына қолтаңбалар жазып бердi. Жазушы өзiнiң Димекең жайлы арнайы дәрiсiнен кейiн студенттердiң көптеген сұрақтарына жауап бердi.

Мұражай директоры Б. Батталханов студенттерге арнайы оқылған дәрiстен кейiн олардың Д. А.Қонаев жайлы қандай мағлұматтар алғанын бiлу үшiн арнайы сұрақ-жауап, викторина ұйымдастырып, жеңiмпаз студенттер Д. А.Қонаев жайлы жазылған кiтаптармен марапатталды.«Д.А. Қонаев оқуларының» кезектi дәрiсi Қазақ мемлекеттiк қыздар педагогикалық университетiнде, Т. Жүргенов атындағы өнер академиясында, № 1 Алматы Қазақ мем­лекеттiк гуманитарлық педагогикалық коледжiнде, № 159 Ш. Уәлиханов атындағы гимназияның оқушылары мен оқыту­шы­ла­рының қатысуы­мен өттi. Әрбiр оқу орын­да­рындағы кездесу кезiнде жастарға «Д. А.Қонаев тұғыры биiк iрi тұлға», «Д. А. Қонаев және қазiргi Қа­зақ­стан», «Д. А.Қонаев – 100 ж???аста», «Д. А.Қо­наев тағылымы» т.б деректi фильмдерi мен жылжымалы көрмелер көрсетiлдi.

Ұлы адамның туғанына 100 жыл толуы қарсаңында өткiзiлген «Д. А.Қонаев оқулары» апталығын ұйымдастыруға Д. А.Қонаев мұражайының директоры Б. Батталханов бастаған мұражай қызметкерлерi мемлекет және қоғам қайраткерi I.Балтағұлов, ақын Р. Ниязбеков, жазушы Н. Төлепбергенұлы, мұражай қорын сақтаушы Г. Бекмұратова, мұражайдың ғылыми қызметкерлерi Н. Жүсiпбаева, Б. Сәлиева, Е. Тембаев ерекше белсендiлiк көрсеттi.

27.10.2011

Нұртан ТӨЛЕПБЕРГЕНҰЛЫ,

Д.А.Қонаев мұражайының қызметкерi