Жиырма жылдыққа ұсынылған Тарту

Жиырма жылдыққа ұсынылған Тарту

Жиырма жылдыққа  ұсынылған Тарту
ашық дереккөзі

Өткен аптада Қазақстан Республикасының Ұлттық кiтапханасында Қазақстан Республикасы тәуелсiздiгiнiң 20-жылдығы аясында "Конституция және Қазақстан Республикасындағы конституциялық дамудың өзектi мәселелерi мен болашағы" атты конституция күнiне арналып дөңгелек үстел өттi.

Дөңгелек үстелге С.Сартаев, Қ.Айтхожин бастаған белгiлi заңгерлер, республикалық газет-журналдардың редакторлары мен тiлшiлерi, Алматы қаласындағы Жоғары оқу орындарының оқытушы ұстаздары қатысты. Дөңгелек үстелдi заң ғылымдарының кандидаты Наширбаева Халида Ануарбекқызы жүргiздi.

Сондай-ақ көрермендердiң назарына "Конституция – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуiнiң негiзi" атты безендiрiлген ауқымды кiтап көрмесi ұсынылды. Көрме "Менiң Қазақстаным", "Конституция жаңару жолында", "Алтын арқау — Ата заң" атты үш негiзгi бөлiмнен тұрды.

Көрмеге 1500-ден астам әдебиеттер қойылды. Олардың арасында "Мәдени мұра" мемлекеттiк бағдарламасы бойынша шығарылған кiтаптар да бар. Сонымен бiрге, қазақ халқы үшiн ортақ заңдастыру тарихи кезеңi туралы материалдар жинақталған, мемлекеттiк құрылымды және қазақтардың феодалдық құқықтарын бекiтетiн Тәуке Ханның "Жетi жарғы" заңдар жинағы да болды. Көрмеден С.Сартаевтың "Қазақстан Республикасы Конституциясының қалыптасуы" атты кiтабын да кездестiруге болады.

Дөңгелек үстел барысында белгiлi заңгер Салық Зимановтың туғанына 90 жыл толуына арналған библиографиялық көрсеткiштiң де тұсаукесерi өттi.

15 қыркүйек

Едiге БЕКТАС