ЖАЗЫЛУШЫЛАРҒА — БАР МҮМКIНДIК

ЖАЗЫЛУШЫЛАРҒА — БАР МҮМКIНДIК

ЖАЗЫЛУШЫЛАРҒА — БАР МҮМКIНДIК
ашық дереккөзі

"Қазпочта" АҚ 2010 жылдың 4 сәуiрiнен бастап Қазақстан Республикасының барлық почта байланысы бөлiмшелерiнде 2011 жылдың екiншi жарты жылдығына газеттер мен журналдарға жазылым науқанының жүретiнiн хабарлайды.

Сiздердiң назарларыңызға "Қазпочта" АҚ және Ресей Федерациясының каталогтары бойынша отандық және шетелдiк газеттер мен журналдардың 8 мыңға жуық атауы ұсынылады.

Сiзге республикалық, жергiлiктi және Ресей басылымдарына 2-жартыжылдыққа жазылуды рәсiмдеу мүмкiндiгi берiледi.

Сiз кез келген почта байланысы бөлiмшесiнен, жазылымды қабылдау пунктерiнен, жұмыс, оқу орындарында немесе үйiңiзге қоғамдық агенттер мен пошташылар арқылы қажеттi ақпаратты ала аласыз және жазылымды рәсiмдей аласыз.

Сонымен қатар жазылымды рәсiмдеу үшiн "Қазпочта" АҚ почта байланысы аумақтық кәсiпорындарының жазылу бөлiмдерiне телефон шалуға (орталық жазылу бөлiмдерiнiң телефондары "Қазпочта" АҚ "Газеттер мен журналдар" каталогында және kazpost.kz сайтында көрсетiлген) және де тапсырыс беруге болады. Почта байланысы қызметкерлерi Сiздiң мекен-жайыңызға келiп, таңдауыңыз бойынша Сiзге жазылуды рәсiмдейдi.

Бiз жазылымның жазылушыларға барынша ыңғайлы болуы үшiн бар мүмкiндiктi жасаймыз!

Сiздер үшiн бiр мекен-жайға бiрнеше басылымға жазылу рәсiмделген жағдайда жеткiзу құнынан 15%-дан 40%-ға дейiн ЖЕҢIЛДIКТЕР қарастырылған.

Сiзге "Қазпочта" АҚ жазылымды рәсiмдеу кезiнде жазылған басылымдарды үйiңiзге дейiн немесе Сiздiң қалауыңыз бойынша жұмыс немесе оқу орныңызға дейiн жеткiзiп беруге кепiлдiк берiледi.

Құрметтi жазылушылар!

2011 жылға арналған жазылымды бiздiң "Қазпочта" АҚ-ында рәсiмдеңiз. Бiз сiздiң газеттерiңiз бен журналдарыңызды уақтылы жеткiзiлуiне кепiлдiк беремiз.