"СЕН НЕТКЕН БАҚЫТТЫ ЕДIҢ КЕЛЕР ҰРПАҚ..."

"СЕН НЕТКЕН БАҚЫТТЫ ЕДIҢ КЕЛЕР ҰРПАҚ..."

"СЕН НЕТКЕН БАҚЫТТЫ ЕДIҢ КЕЛЕР ҰРПАҚ..."
ашық дереккөзі

Қазақстан Жазушылар одағы мен Қарағанды облысы әкiмшiлiгi бiрiгiп, дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың 100 жылдық мерейтойына орай жазба ақындардың "Сен неткен бақытты едiң келер ұрпақ…" атты республикалық жыр мүшәйрасын жариялайды. Мүшәйраға елiмiздiң барлық аймағынан кез келген ақын 3 өлеңiмен қатыса алады. Оның бiреуi ел Тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығына, екiншici Қасым Аманжоловтың рухына арналса, үшiншi өлең еркiн тақырыпта болуы мiндеттi.

Шығармалар көлемi (3 өлеңдi қоса есептегенде) 5 беттен аспауы шарт. Бұрын жарық көрген немесе мерзiмiнен кешiккен шығармалар бәйгеге қатыстырылмайды.

Шығармалар 2011 жылдың 31 шiлдесiне дейiн қабылданып, мүшәйра қорытындысы Қасым Аманжоловтың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында шығарылады. Жүлдегер ақындар тамыз айының 18-20 жұлдызы аралығында Қарағанды қаласында өтетiн мүшәйраның ақтық мәресiне арнайы шақырылады.

Бәйге мөлшерi:

Бас бәйге (бiреу)

Бiрiншi бәйге (бiреу)

Екiншi бәйге (бiреу)

Үшiншi бәйге (бiреу)

Ынталандыру бәйгесi (бiреу)

Қазылар алқасының шешiмi қайта қаралмайды.

Мүшәйра жүлдегерi ақшалай сыйлықтар және дипломдармен марапатталады.

Ескерту: жабық бәйге болуы себептi, автордың бүркеншiк атының (псевдонимiнiң) анықтамасы, аты-жөнi, мекен-жайы, байланыс телефоны жазылған парақ кiшi конвертке салынып, желiмделiп, оның бетiне тек бүркеншiк аты ғана жазылады. Үлкен конверттiң аты-жөнi деген жерге бүркеншiк атты жазуға болады.

Мекен-жайы: 050000, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 105-үй, 25-кабинет.

Байланыс телефоны: 8(727) 2 72 62 93

"Түркiстан-ақпарат"