"KASPI BANK" ОРАЛҒА 10 млн. ТЕҢГЕ БӨЛДI

"KASPI BANK" ОРАЛҒА 10 млн. ТЕҢГЕ БӨЛДI

"KASPI BANK" ОРАЛҒА 10 млн. ТЕҢГЕ БӨЛДI
ашық дереккөзі

Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға халық шама-шарқынша көмек көрсетуде. Бұл шарадан "Kaspi Bank" АҚ да тыс қала алмады. Қазақстандағы жетекшi он банктiң қатарына кiретiн "Kaspi Bank" АҚ баспанасыз қалғандарға көмек ретiнде 10 млн. теңге қаражат бөлдi. Бұл қайырымдылық көмек бiрнеше бағытта көрсетiлмекшi.

Банк 7 жастан 14 жасқа дейiнгi 200 баланы сауықтыру орталықтарына жiберу шығындарын толық өз мойнына алады. Балалар жазғы демалысын Батыс Қазақстан облысындағы "Талап" орталығында өткiзетiн болады.

"Бұл жағдайда ең бастысы – балалардың өмiрi мен денсаулығы. Балалардың қауiпсiз жерде екенiн бiлетiн ата-аналар тұрғын үймен, құжаттармен, жұмыспен байланысты тұрмыстық проблемаларды тезiрек шеше алатын болады, – дейдi "Kaspi Bank" АҚ Басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе.

Сондай-ақ қажеттi көмектiң бiр бөлiгi "Жас дәурен" балалар үйiне көрсетiлмекшi. Балалар үйi су тасқынының қақ ортасында – Деркүл мен Шаған өзенiнiң арасындағы аумақта орналасқан. Орал қаласына дер кезiнде көшiрiлген 114 бала маусымдық киiм-кешекпен қамтамасыз етiлетiн болады. Ал өз үйлерiнен уақытша тыс жерде тұрып жатқан 2 мың адам қалың төсек орын жапқыштарына қол жеткiзедi.

"Kaspi bank" басшысы Михаил Ломтадзе: "Бiз осы қиын сәттi бастан өткiзген отандастарымызға шын жүрегiмiзбен жанымыз ашиды. Олардың iшiнде жолдастарымыз, клиенттерiмiз бен әрiптестерiмiз де бар. Бiз бәрiн көрiп-бiле тұра, қол қусырып қарап отыра алмаймыз. Жаны жабырқаулы жандарға қолдау көрсету үшiн шамамыз келгенше көмегiмiздi аямаймыз", – дейдi.

Динара ДҮРМӘН