ГЕНЕРАЛ РАҚЫМОВТЫҢ ҚАЗАҚ ЕКЕНIН ДӘЛЕЛДЕГЕН ҒАЛЫМ ӘСIЛХАН ОСПАНҰЛЫ ТУРАЛЫ БIР СЫР

ГЕНЕРАЛ РАҚЫМОВТЫҢ ҚАЗАҚ ЕКЕНIН ДӘЛЕЛДЕГЕН ҒАЛЫМ ӘСIЛХАН ОСПАНҰЛЫ ТУРАЛЫ БIР СЫР

ГЕНЕРАЛ РАҚЫМОВТЫҢ ҚАЗАҚ ЕКЕНIН ДӘЛЕЛДЕГЕН ҒАЛЫМ ӘСIЛХАН ОСПАНҰЛЫ ТУРАЛЫ БIР СЫР
ашық дереккөзі

Бiраз уақыттан берi көршi Өзбекстанда генерал Сабыр Рақымовтың ескерткiшi алынып тасталғаны қызу талқыға түскенi белгiлi. Бiрақ генералдың ұлты қазақ екенiн дәлелдеп, өткен ғасырдың 70-шi жылдарының басында өкiмет тарапынан қуғын-сүргiн көрген шымкенттiк ғалым Әсiлхан Оспанұлының есiмiн ешкiм еске алған жоқ.

Республика және облыс көлемiнде теледидардан жиi көрсетiлген, Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 60-жылдығына арналып түсiрiлген 120 минуттық "Қазығұрт қыраны" деректi фильмiнде батыр генералдың жұбайы Құралай апай Сабыр Рақымовтың қазақ екенiн дәлелдеген ұлтжанды азаматтың есiмiн екi рет атайды. Фильмнiң 40-шы минутында Құралай апайымыз: "Бiрiншi Әсiлхан Оспанұлы жазды", – дей келе сол фильмнiң 80-минутында: "Әсiлхан Оспанұлы деген доцент Шымкентте тұрады. Ол: "Менi атса атып жiберсiн, басқалар күймесе де мен күйемiн, деп әлгi кiсi жазды" – дегенiн бүкiл Қазақстанның халқы көрдi.

Шымкенттiң жаймашуақ күндерiнiң бiрiнде генерал Сабыр Рақымовтың жұбайы Құралай апай ғалым Әсiлхан Оспанұлының үйiне келiп, иығына шапан жапты. Бұнысы ғалымның генерал Сабыр Рақымовтың ұлты қазақ екенiн дәлелдегенi үшiн және батыр туралы жасаған басқа да зерттеушiлiк жұмыстарын құрметтеу белгiсi едi. Шапан жауып тұрып батырдың жұбайы ғалымға: “Әсеке! Батырдың ұлты қазақ екенiн дәлелдеген азаматтық ерлiгiңiз үшiн Сабыр ағаңыздың әруағы риза деп сенемiн! Ол кiсi халықтың жыр мұраларын өте жақсы көретiн. Соғыстан аман-есен оралса Майлықожа, Құлыншақ, Мәделi сынды Қаратау атырабының ақындарының өлеңдерiн ауыл-ауылды аралап жүрiп жинап, зерттеп, халыққа жеткiзген үлкен еңбегiңiз үшiн өзi келiп иығыңызға шапан жабар едi ғой. Сондықтан бұл шапанды ағаңыздың кигiзгенi деп қабылдаңыз”, – дедi.

Сол күнi ғалым мен батырдың жұбайы екеуi кең дастархан басында отырып жетпiсiншi жылдар туралы бiраз сыр шерткен едi.

Сонымен бұл қалай болып едi?

Ғалым Әсiлхан Оспанұлы өзiнiң зерттеу жұмыстарын 1971 жылдың жазында Қазығұрт бауырындағы Жаңабазар жерiндегi "Коммунизм" совхозының тау жақ түкпiрiне орналасқан Жамбыл атындағы бөлiмшесiнде тұратын генералдың шөбере туыстарының үлкенi 92 жастағы Байдар ақсақалдың үйiне барып сұхбаттасудан бастайды. Осы кездесудiң нәтижесiнде Байдар ақсақал, Шерхан Рысқұлов, Қанат Құрымбаев, Әбу Тiлеухановтар өздерiнiң генерал Сабыр Омарқұлұлы Рақымовтың туысы екенiн және батырдың ұлты қазақ екенiн растап, әрқайсысы ғалымға бөлек қолхат жазып бередi. Бұл қолхаттарда жазылған сөздердiң шын екенiн сол кезде Шымкент облысы Ленин (қазiр Қазығұрт ауданы – Б.О.) ауданының Жаңабазар ауылдық кеңесiнiң мөрi басылып, расталады.

Бұдан соң ғалым Ә.Оспанұлы Ташкент қаласының орталығында орналасқан Әлiшер Науаи атындағы опера және балет театрының түбiнде "Шымкент орамы" деп аталатын көшенiң 9-үйiндегi 37-пәтерде тұратын батырдың жұбайы Құралай апаймен кездесiп әңгiмелеседi. Осындай iзденiстерiнiң нәтижесiнде осыдан отыз тоғыз жыл бұрын, яғни өткен ғасырдың 1972 жылының 9 мамыр күнi шымкенттiк ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, Шымкент педагогикалық институты қазақ әдбиетi кафедрасының доцентi Әсiлхан Оспанұлының Ұлы Отан соғысының батыры, генерал С.Рақымовтың ұлты қазақ деп жазылған "Қазығұрт қыраны" атты зерттеу мақаласы Шымкент облыстық (ол кезде Оңтүстiк Қазақстан облысы солай аталған – Б.О.) "Оңтүстiк Қазақстан" (Редакторы Әмiрсейiт Әлиев – Б.О.) газетiнiң 2-4 беттерiнде жарық көрдi.

Бiр айға жетер-жетпесте Әсiлхан Оспанұлының осы мақаласы 1972 жылдың 6 маусым күнi Қазақстан ЛКСМ (Ленинский Коммунистический Союз Молодежи – Б.О.) Орталық комитетiнiң органы болып табылатын "Лениншiл Жас" (Қазiргi "Жас Алаш" газетi, сол кездегi редакторы С.Бердiқұлов – О.Б.) газетiнiң 3-бетiнде "Қазығұрт қыраны (Генерал Сабыр Рақымов туралы жаңа дерек)" деген тақырыппен жарық көрдi.

Бұл жаңалық бүкiл республика көлемiнде елеулi оқиға болып, үлкен қоғамдық пiкiр туғызды. Сондықтан бұл құбылысқа билiк басындағылар да немқұрайлы қарай алмады. Әрi бұл жарияланым туралы Өзбекстан басшылығына да хабар жеткен. Дегенмен билiк басындағылар ғалым мақалада жазғандай Сабыр Рақымовты: "Екi ененi бiрдей емген тел қозы десе де болады, ол өзi қазаққа перзент болса, өзбекке жиен. Өйткенi оның шешесi, бiздiң жеңгемiз Бәһiрәйiм Ташкент маңындағы Жүнiсабад деген жерде тұратын өзбек диқанының қызы едi. Революциядан кейiнгi аласапыран кезде күйеуi қайтыс болғасын, туған ағасы Рақымның көлейтiнде болуды ұнатты. Сол нағашысы Рақымды саялап жүрген Сабыр да мектепке берген кезде соның балалары қатарында Рақымов болып жазылып кеткенiн кейiн бiлдiк" деп қабылдамай, ғалымның тарихи шындықты дәлелдеп жазғанын "халықтар достығына сызат түсiрдi" деп түсiнiп, Шымкент қаласының орталығына орналасқан Облыстық партия комитетiне келiп түсiнiктеме беруiн талап етедi. Ғалым мұндай кездесулерде өз дегенiнен қайтпай, қайсарлық көрсеткен.

Iс бұл әңгiмелермен шектелмейдi, әуре-сарсаңның не бiр түрi басталады. Ғалымға: "Әсеке, бұның сiзге қажетi қанша, ертең балаларыңызға қиын болады" деп "кеңес" берушiлер да табылады.

Шындықты ту еткен ғалым Әсiлхан Оспанұлы батырдың өмiр жолын зерттеудi тоқтатпайды, генералдың анасы Бәһiрәйiмнiң бауырларымен кездесiп сұхбаттасады. Олар да С.Рақымовтың әкесiнiң қазақ екенiн растайды.

Ғалым батырдың жұбайы Құралай екеуi Ташкент облысы Орджоникидзе атындағы аудандық "Коммунист" колхозының жерiнде тұратын Сабыр Рақымовтың немере қарындасы Лүтпi Оспанқұлқызының үйiнде 1973 жылы 21 тамыз күнi болып, Лүтпi апайдың аузынан жазып алған әңгiмесiн арқау етiп, Шымкентке келген соң "Ақырғы аттаныс" мақаласын жариялайды.

Шымкентке батырдың жан жары, Ұлы Отан соғысының ардагерi Құралай апайды шақырып, сол кездегi теледидардан көрсетуге мүмкiншiлiк жасады. 1973 жылдың 7 көкек күнi Оңтүстiк Қазақстан радиокомитетiнiң қызметкерi Төлеп Құлымбетовтiң дәнекерлiгi арқасында кешкi жетiден қырық бес минут өткенде "Қазығұрт қыраны" мақаласы облыстық радиодан оқылды.

Ғалым мұнымен шектелiп қалмай, азамат соғысы жылдары Сабыр Рақымовпен Баку қаласындағы әскери оқу орнында бiрге оқып, қанды шайқастарға бiрге қатысқан белгiлi кинорежиссер, Социалистiк Еңбек Ерi Кәмiл Ярматовке батырдың жары Құралай апаймен бiрге 1973 жылдың күзiнде барып жолығады. Шаңырақ иесi қонақтарын қуана қарсы алып ұзақ сұхбаттасады. Ғалымның сол жылы жазған "Өмiрi өнеге өнерпаз" мақаласында жазғандай өзi қойған С.Рақымовтың ұлты кiм едi деген сұраққа К.Ярматов: "Қайсымыздың қай ұлттан екенiмiздi бiле бермейтiнбiз. Әйтеуiр түркiстандықпыз деп жүре беретiнбiз", – деп жауабын келте қайырған. Өзбекстанның ең мықты кинорежиссерi өз ұлтының тәжiк екенiн де жұртқа жария ете бермеген, себебi сол кездiң саяси жағдайы сондай болатын. Сөз ретi келген соң айта кету парызым – К.Ярматов өзiнiң тәжiк халқының ұлы екенiн 1987 жылы Ташкент қаласындағы Ғафур Ғұлам атындағы Әдебиет және өнер баспасынан жарық көрген "Возвращение (Оралу – Б.О)" атты естелiк кiтабының 112-бетiнде жазды.

Ғалымның бұлтартпас дәлелiне қарсы жалпы сөздерден басқа ештеңе айта алмаған билiк басындағылар газет редакторларына ғалымның С.Рақымов туралы болмаса да соғыс тақырыбына жазған басқа еңбектерiн жариялауға тыйым салады.

Дегенмен ғалым шындықтан бас тартпай, Қазақстан мен Өзбекстанның ресми мекемелерiне өзiнiң дәлелдерiн келтiре отырып көптеген хаттар жазады. Құрметтi оқырман сөзiм дәлелдi болу үшiн төменде сол хаттардың бiрнешеуiнен үзiндi оқыңыз:

Заведующему отделом пропаганды и агитаций ЦК Компартии Казахстана тов. Плотникову А.П. от доцента чимкентского педагогического института, кандидата филологических наук ОСПАНУЛЫ А.

Здравствуйте, Андрей Павлович.

В свое время в Чимкентском областном комитете КП Казахстан сперва у заведующего отделом пропаганды и агитации тов. Котунова Ю.Е., после у секретаря обкома тов. Тлеубергенова И.Т. мне сообщили, что моя деятельность направленная к уточнению казахского происхождения отдельных выдающихся личностей вообще, генерал-майора, уроженца совхоза "Коммунизм" Ленинского района Чимкентской области Сабира Омаровича Рахимова в частности, будет иметь отрицательное влияние в укреплении братских уз дружбы между казахским и узбекским народами. Как видите, положение в которое поставлен я не из ахти хороших, наряду с этим предупреждением мне стало известно, что последовало ваше указание не печатать, впредь материалов, касающихся генерала Сабира Рахимова. Согласно этому вашему указанию наши товарищи из редакции газеты "Оңтүстiк Қазақстан" стали сторониться от публикации даже тех материалов, в которых повествуется подвиги солдат Великой Отечественной, которым приходилось совместно служить с генералом-майором Сабиром Рахимовым.

P.S. Можете рассматривать мое письмо по своему разумению как частное письмо или как официальный документ.

30 августа 1976 года.

г.Чимкент.

* * *

Заведующему отделом пропаганды и агитаций Чимкентского областного комитета Коммунистической партии Казахстана тов. Котунову Ю.Е.

От доцента чимкентского педагогического института, кандидата филологических наук ОСПАНУЛЫ А.

ОБЪЯСНЕНИЕ

Я поочередно побывал у Куралай Натуллаевой и Романа Рахимова (сын С.Рахимова), у другого троюродного брата генерала Сабира Рахимова Есалы Медетбекова, у родных дяди генерала Сабира Рахимова Тулегена и Азизмата Каримовых, у двоюродной сестры генерала Сабира Рахимова Лутфи Оспанкуловой, которые тоже дали подтверждавшие пояснения имеющихся у меня сведений.

Таким образом, на чашу весов были положены свидетельства живых людей, являющимися действительно родственниками Сабира Рахимова с одной стороны и предполагаемые официальные документы ученых и не ученых коллег из Узбекистана вообще и автора книги "И снова в бой", изданного в г. Ташкенте в 1971 году Леонида Юсупова в частности, по моему искреннему убеждению обстоятельства жизни и факты, даже сама многоликая и весьма сложная жизнь говорит в пользу объяснений родственников покойного генерала, потому что, показания живых свидетелей важнее, чем любая бумага, хоть она и с гербовой печатью.

* * *

г.Ташкент, редактору газеты "Правда востока"

Глубокоуважаемый товарищ редактор!

Не знаю почему, истриография Узбекистана долгие годы старалась и, можно сказать, старается и поныне, выдавать выдающиеся исторические личности не узбекского происхождения за узбеков по той лишь причине, что они родились или начали свою трудовую деятельность в Узбекистане. Так, например, видные деятели Коммунистической партии советского государства и ученые как Назир Турекулов, Абдулла Ярмухамедов, генерал-майор Сабир Рахимов, академик Хадиша Сулейменова долгие годы выдавались и выдаются за узбеков, не говоря об исторических личностях как Ялангтуш бахадур – известный правитель Самарканда ХVII века. На самом деле все они по происхождению казахи.

Антинаучность подобного рода-поступок общеизвестна. К тому, оно противоречит интернационалистическому характеру жизни народов Средней Азии и Казахстана.

Асильхан Оспанулы, кандидат филологических наук, доцент чимкентского института.

20 декабря 1986 года, г.Чимкент.

Бұл хаттар – ғалымның ақиқат жолындағы күресiнiң аз ғана бөлшегi. Ұлтжанды азамат, ғалым Әсiлхан Оспанұлы билiк басындағылардың немқұрайлығына қарамай батырдың ерлiгiн насихаттап, атын мәңгiлiк есте сақтау үшiн әрекет етуiн тоқтатқан жоқ. Оңтүстiк Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласындағы әскери мектеп-интернатқа генерал Сабыр Рақымовтың есiмiн беру және ескерткiшiн орнату мәселесiн бiрiншi болып 1992 жылы көтерiп, газет беттерiнде мақалалар жариялап, өзiнiң ұсыныс хатын Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiне жолдап, министрдiң орынбасары Ш.Беркiмбаевадан жауап та алған. Ғалымның атына 1996 жылдың 2 ақпанында министрлiк тарапынан жазылған бұл хатта: "Құрметтi Әсiлхан Оспанұлы! Бiлiм министрлiгi Сiздiң Шымкент қаласындағы Республикалық мектеп-интернатқа С.О.Рақымовтың атын беру жөнiндегi ұсынысыңызды қолдайды" деп бұл ұсынысты iске асыру үшiн мектеп-интернат ұжымының келiсiмi мен жиналыс хаттамасы керек екенi жазылған.

Нағыз ұлтжанды азамат ғалым Әсiлхан Оспанұлы 2005 жылы көзi жұмылғанға дейiн батырдың есiмiн насихаттап, ел есiнде мәңгi сақталынуы үшiн тынбай әрекет еттi.

Сабыр Рақымовтың ұлты қазақ екенiн батырдың туыстарының өздерi дауыстап айтуға қорыққан өткен ғасырдың жетпiсiншi жылдарының басында "Атылсам атылып кетейiн, бiрақ Сабыр Рақымовтың қазақ екенiн дәлелдеймiн" деп айтқан ғалым Әсiлхан Оспанұлы сол кездегi билiк басындағылардың қоқан-лоққысынан қорықпай, алға қойған мақсатына қол жеткiзiп басқа да iс-әрекеттер жасаған, мысалы КСРО-ны Никита Хрущев басқарған жылдары Қазақстанның Өзбекстанға берiлген жерлерi қайтарылсын, Ленинград қаласындағы Эрмитажда көп жыл тұрған Ахмет Яссауи кесенесiнiң қазаны Түркiстанға қайта әкелiнсiн деп билiк басындағыларға талап хаттар жазған, Оңтүстiк Қазақстанның ақындары Майлықожа, Мәделiқожа, Құлыншақ, Ергөбек және басқа да сөз сүлейлерi туралы талмай зерттеушiлiк жұмыстарын жүргiзе жүрiп қоғам өмiрiне белсене араласқан, Желтоқсан көтерiлiсшiлерiн ашық жақтаған азамат-ғалым Әсiлхан Оспанұлының еңбектерi де елiмiздiң тарихының бiр бетi.

Бердалы ОСПАН