"МIНБЕРДIҢ" ДӘСТҮРЛI СЕМИНАРЫ

"МIНБЕРДIҢ" ДӘСТҮРЛI СЕМИНАРЫ

"МIНБЕРДIҢ" ДӘСТҮРЛI СЕМИНАРЫ
ашық дереккөзі

Құрметтi оқырман!

Былтыр "Мiнбер" журналистердi қолдау орталығы Сорос Қазақстан қоры мен Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық ұйымының қолдауымен "Қазақтiлдi ақпарат тәжiрибесiне жаңа медиа технологияларын енгiзу" тақырыбында екi күндiк республикалық семинар-тренинг өткiзген едi. Негiзгi мақсат – жаңа медиа технологияларын қазақтiлдi ақпарат тәжiрибесiне енгiзу болған. Бiздiң алға қойған мақсатымыз толығымен болмаса да, ақталды. Сол семинардың нәтижесiнде Өркен Кенжебек, Бүркiт Нұрасыл, Тоты Атышева, Ербол Азанбек, Амангелдi Құрмет, Кәмшат Тасболат, Динара Мыңжасарқызы, Еркiн Қуатайұлы т.б. секiлдi аса танымал қазақ блоггерлерi пайда болды. Биыл әз-Наурыз мейрамы қарсаңында "Мiнбердiң" мұрындық болуымен өткiзiлген Блогқұрылтай да – осы блог семинардың жемiсi.

Жаңа медиаға деген ынта-ықыластың жыл сайын өсе түсуiне байланысты бiз блог-семинарды дәстүрлi болдыруға тырысып отырмыз. Биыл "Жаңа медиа технологияларын қазақтiлдi БАҚ тәжiрибесiне енгiзу" тақырыбындағы семинар-тренинг елiмiздiң бас қалалары — Алматы мен Астанада өткiзiлмек. Қолдаушылар – Сорос Қазақстан қоры, Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық ұйымы. Алматыда мамырдың 27-28-i күндерi, Астанада – маусымның 24-25-i күндерi өткiзу жоспарлануда.

Алматы қаласындағы семинар-тренингке қатысуға – Шымкент, Тараз, Қызылорда, Ақтау, Атырау, Орал, Семей, Өскемен, Талдықорған қалаларымен тиiсiнше осы облыстардан үмiткерлер өтiнiш бiлдiре алады. Ал Алматы қаласынан 9 адам шақырылады. Астана қаласындағы семинар-тренингке қатысуға – Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Көкшетау, Жезқазған, Арқалық, Петропавл және Астана қаласынан өтiнiш бiлдiруге болады.

Семинар-тренингке қазақ тiлiнде жаңа медиа технологияны түсiнгiсi келетiн, журналистiк қызметiнде ғаламтор мүмкiндiгiн (блог, микроблог, әлеуметтiк желiлер, web 2.0 тәсiлдерi) кеңiрек пайдалануды көздейтiн журналистер мен журналистикаға бейiмi бар жандар шақырылады.

Тренинге қатысамын деген үмiткер "Жаңа медиа және қазақ басылымы", "Блоггер болғым келедi" тақырыптарында мақала жазып, "Minber.kz" ұлттық интернет газетiне 20 мамырға дейiн жолдауы тиiс. Ертерек жолданған өтiнiштердiң қабылдану мүмкiндiгi жоғары болмақ. Жазбалар мына мекен-жай бойынша қабылданады: minber.kz@gmail.com

Бұл мақалаңыз арқылы сiз жаңа медиа проблемаларын қаншалықты түсiнетiндiгiңiз және тақырыпқа қаншалықты ынталы екендiгiңiз анықталады. Бұдан соң, әрбiр қатысушыға арнайы сауалнама парағы жолданады. Сауалнама парағына қатысушылар өздерi жайлы мәлiметтерiн енгiзуi тиiс. Сондай-ақ, әрбiр журналист осы шараның ақпараттық қолдаушысы болғаны абзал.

"Мiнбер" журналистердi қолдау орталығы

www.minber.kz

minber.kz@gmail.com