ҚАЛТАФОННЫҢ БIЗГЕ БЕРЕРI

ҚАЛТАФОННЫҢ БIЗГЕ БЕРЕРI

ҚАЛТАФОННЫҢ БIЗГЕ БЕРЕРI
ашық дереккөзі
208

Бүгiнде қазақ жастарының бейнесiн қалтафонсыз елестете алмайсыз. Бiрi – хабарлама жазып отырса, екiншiсi – әуенге елiтiп, үшiншiсi – ойынның қызығына батып отырады. Ал бiз бiлмейтiн тағы бiр қыры, ол – ақпарат алмасу. Әрине, интернет арқылы. Кез келген жерде отырып, кiшкене ғана құралыңызды алып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды оқып, танысуға болады.

Сонымен қатар алыстағы досыңызбен хабарласу мүмкiндiгi тағы бар. Тiптi озық үлгiдегi технологиямен жабдықтап отырған компаниялардың қалтафондары кез келген шығармашылық адамы үшiн қолайлы жағдай туғызып отыр. Яғни сiз тек "смс" – пен ғана шектелмей, кәдiмгi компьютердiң бағдарламалары бар қалтафондарға роман, проза, очерк пен өлеңдерiңiздi жазу арқылы, интернет-сайттарына жариялау мүмкiндiгiне ие бола аласыз. Бүгiнгi жастарымыз қалтафонды тек байланыс құралы ретiнде ғана емес, әлеуметтiк белсендiлiк ретiнде де пайдалануына болады. Алайда қазiргi қазақ жастарының бұл телефондарды алуды қалтасы көтермесi анық.

Десек те, бiз пайдалы тұсын ғана суреттеп отырмыз. Ал оның зияны шаш етектен. Мәселен, телефонмен сөйлесу тәртiбi 3-4 минуттан аспауы керек. Одан ұзақ сөйлессеңiз, құлақ iсiгi ауруына, қан қысымының жоғарылауына, есте сақтау қабiлетiңiздi жоғалтып алуыңызға қауiп бар. Ал бiздегi жарты сағаттық тарифтердiң жарнамасын айтып түстесеңiз, мұның астында да бiр кiлтипанның жатқанын да байқап отырған боларсыз. Екi абонент қосылған қалтафондар екi телефонмен салыстырғанда екi жарым есе зиян екенiн бiлесiз бе? Бұдан екi жарым есе ауру табасыз деген сөз. Бұдан шығатын түйiн, осындай себеп-салдар бiздiң өсiп-өркендеуiмiзге тосқауыл жасап отыр. Қазақ жастары қалтафонды өзiндiк тәртiппен қолданғаны абзал…

Мәншүк АХМЕТОВА, ҚазҰУ-дiң 2-курс студентi

Серіктес жаңалықтары