Павлодар облысында заңсыз балық аулаған 60 адам ұсталды

/
Павлодар облысында заңсыз балық аулаған 60 адам ұсталды
istockphoto.com

Полицейлер «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр. Іс-шара басталғалы бері балық аулау және аңшылық қағидаларын түрлі деңгейде бұзғаны үшін 60 азамат жауапқа тартылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Екібастұз өңірінде балық аулау қағидаларын бұзғаны үшін 7 адам, ал қаруды сақтау ережелерін бұзғаны үшін 6 қару иесі жауапқа тартылды.

 Павлодар облысының полиция департаментінің хабарлауынша, рейдтік іс-шаралар барысында ГРЭС-1 су қоймасында рұқсатсыз әуесқойлықпен балық аулау фактісі анықталды. Жергілікті тұрғын бекітілген су айдынында балық аулауға жолдамасының жоқ екеніне қарамастан әуесқойлықпен балық аулаған. Аталған әрекет – Қазақстан Республикасының балық аулау қағидалары талаптарының бұзылуына жатады. Аталған құқық бұзушылық бойынша ер адамға қатысты тиісті шаралар қабылданды.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері табиғатты қорғау заңнамасын сақтау мәселелері бойынша халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары