«АҒЫНДЫ МЕНIҢ АҚСУЫМ»

«АҒЫНДЫ МЕНIҢ АҚСУЫМ»

«АҒЫНДЫ МЕНIҢ АҚСУЫМ»
ашық дереккөзі

Қазақстан Жазушылар одағы мен Алматы облысы, Ақсу ауданы әкiмшiлiгi бiрiгiп, Ақсу ауданының 80 жылдығына орай жазба ақындардың республикалық "Ағынды менiң Ақсуым" атты жыр мүшәйрасын жариялайды.

Жабық мүшәйраның негiзгi мақсаты – Алматы облысы, Ақсу ауданының шежiрелi тарихын, өткенi мен бүгiнiн, елден шыққан тұлғалардың бүтiн бiтiмiн жыр тiлiмен насихаттау, жұртшылықтың поэзияға деген құштарлығын арттыра отырып, өлең сөзiнiң құдiретiн жанымен сезiнiп, жүрегiмен түйсiнуге ықпал ету, Ақсу ауданының әлеуметтiк әдеби-мәдени саладағы табыстарын жырға қосу.

Жыр жүйрiгi Iлияс Жансүгiров 45 жасында өмiрден озғандықтан, мүшәйраға 45 жасқа дейiнгi ақындар қатыстырылады. Мүшәйраға ат қосқан ақын 3 өлеңiн жолдауға тиiс. Оның бiреуi Ақсу ауданына, екiншiсi Ақсу ауданының тумасы қазақ поэзиясының құлагер ақыны Iлияс Жансүгiровке арналуы, үшiншi өлең еркiн тақырыпта болуы мiндеттi.

Шығармалар көлемi (3 өлеңдi қоса есептегенде) 5 беттен аспауы шарт. Бұрын жарық көрген немесе көрсетiлген мерзiмiнен кешiккен шығармалар бәйгеге қатыстырылмайды.

Шығармалар 2011 жылдың 28 сәуiрiне дейiн қабылданып, мүшәйра қорытындысы Ақсу ауданының 80 жылдық мерейтойы қарсаңында (7-8 мамыр күндерi) шығарылады. Жүлдегер ақындар Ақсу ауданының 80 жылдық мерейтойына арнайы шақырылады.

Бәйге мөлшерi:

Бас бәйге (бiреу) – 300 мың теңге;

Бiрiншi бәйге (бiреу) – 200 мың теңге;

Екiншi бәйге (екеу) – 150 мың теңгеден;

Үшiншi бәйге (үшеу) – 100 мың теңгеден;

Ынталандыру бәйгесi (бесеу) – 75 мың теңгеден.

Қазылар алқасының шешiмi қайта қарауға жатпайды.

Мүшәйра жүлдегерлерi төсбелгi-медальдар мен дипломдар және Ақсу өңiрiнен шыққан әдебиет пен мәдениет қайраткерлерi Iлияс Жансүгiров, Қобызшы Молықбай, Ғали Орманов, Сайын Мұратбеков, Құдаш Мұқашев, Қанипа Бұғыбаева, Өтепберген Ақыпбеков, Жамау Бұқарбаев, Ораз Жұмашев, Сағынболат Тiнтаев, Свет Оразаев атындағы арнайы сыйлықтармен марапатталады.

Ескерту: Жабық мүшәйра болуы себептi, автордың бүркеншiк атының (псевдонимiнiң) анықтамасы, аты-жөнi, мекен-жайы, байланыс телефоны жазылған парақ кiшi конвертке салынып, желiмделiп, оның бетiне тек бүркеншiк аты ғана жазылады. Үлкен конверттiң аты-жөнi деген жерге бүркеншiк атты жазуға болады.

Мекен-жайы: 050000, Алматы қаласы,

Абылай хан даңғылы, 105 үй, 28 кабинет. Байланыс телефоны:

8(727) 2 61 12 52, 8 705 447 18 15