ЖАМБЫЛ ЖӘНЕ ТҮРКI ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЭПИКАЛЫҚ МҰРАСЫ

ЖАМБЫЛ ЖӘНЕ ТҮРКI ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЭПИКАЛЫҚ МҰРАСЫ

ЖАМБЫЛ ЖӘНЕ ТҮРКI ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЭПИКАЛЫҚ МҰРАСЫ
ашық дереккөзі

Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығына және ХХ ғасырдың Гомерi атанған жыр алыбы Жамбылдың туғанына 165 жыл толуына орай 2011 жылы 11-12 сәуiрде Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, Алматы облысының әкiмшiлiгi, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы, Түркiсой Түркi халықтарының мәдениетi Халықаралық ұйымы, Республикалық кiтап музейi, "Жамбыл және түркi халықтарының эпикалық мұрасы" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырғалы отыр.

Конференцияның мақсаты – Жамбыл шығармашылығы мен түркi халықтарының эпикалық мұрасын, дәстүрлi мәдениетiн зерттеу және бүгiнгi таңдағы әдебиет пен өнер, мәдениеттегi келелi мәселелердi жан-жақты талқылау.

Конференция жұмысы 5 секция бойынша өткiзiледi: тарих және мәдениеттану, филология және әдебиеттану, бейнелеу және сәндiк қолданбалы өнер, театр, кино, хореография өнерi, музыка өнерi.

Конференцияда АҚШ, Түркия, Әзiрбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркiменстан, Алтай, Башқұртстан, Гагауыз, Хакас, Татарстан, Тува және басқа да мемлекеттердiң аты әлемге мәшһүр оқымыстылары мен елiмiздiң ғалымдары өз ойларын ортаға салады. Құрметтi қонақтар қатарында Түркiсой Түркi халықтарының мәдениетi Халықаралық ұйымы Бас хатшысы Дүйсен Қасейiнов, ТҮРКIСОЙ-дың Қазақстандағы өкiлi Асқар Тұрғанбаев, Санкт-Петербургтегi "Атамекен" қазақ қоғамының президентi Сәрсенғали Құспанов, Ресей Федерациясы Сiбiр халықтары фольклоры секторының меңгерушiсi, белгiлi эпосшы (түркi-моңғол эпостары) Евгения Кузьмина, Ресей Ғылым академиясынан Гүлнұр Хусаинова, Әзiрбайжан Жазушылар одағының төрағасы Анар Рзаев, Мимар Синан университетiнiң тарих кафедрасының меңгерушiсi Ташагил Ахмет, Хажеттепе университетiнiң профессоры Чобанглу Озкул, Гази университетiнiң профессоры Нейметзаде Ефлатуп, қырғызстандық академик, ғалым Ахметалиев, Марсель Ибрагимов, тағы басқа да ғалымдар қатысады.

Конференцияда ұлы ақынның бай мұрасы бүгiнгi дәуiр тынысына сай зерттелiп, зерделенiп, әлемдiк поэзияда Жамбыл жырларының құндылықтары ғылыми тұрғыда тұжырымдалады.

Конференция бағытына сай "Ғибрат" (Жамбылдың нақыл сөздерi) атты кiтаптың тұсаукесерi өткiзiлiп, "Жамбыл" атты Жамбылдың өмiрбаяны мен шығармашылығына байланысты деректi фильм көрсетiледi. "Түрiк дастандары Қазақстан бейнелеу өнерiнде", "Қазақ дастандарындағы музыка өрнектерi" атты өнер қайраткерлерiнiң концертi өтедi.

С.Әшiмова