ӨРIМТАЛДАРДЫҢ ӨМIРШЕҢ ПЛАКАТТАРЫ

ӨРIМТАЛДАРДЫҢ ӨМIРШЕҢ ПЛАКАТТАРЫ

ӨРIМТАЛДАРДЫҢ ӨМIРШЕҢ ПЛАКАТТАРЫ
ашық дереккөзі
258

Сейсенбiде республикалық "Көрем-Қабылдаймын-Әрекеттенемiн" әлеуметтiк-саяси плакаттар көрмесi ашылды. Жастардың шығармашылық танымын дамыту мақсатында "Нұр Отан" ұлттық партиясы, Қазақстан дизайнерлер одағы, ҚР Суретшiлер одағының қолдауымен және "Орта Азия тау-кен өнеркәсiп қорының" ұйымдастыруымен аталмыш байқау дүниеге келдi.

Орта Азия тау-кен өнеркәсiп қорының директоры, Ақпараттану академиясының академигi Алексей Цеховой, плакатты қарапайым халық пiкiрiн өзгерте алатын құрал деп атап өттi. Көрмеге қойылған плакаттардың негiзгi тақырыбы – мемлекеттiк саясаттың басым бағыттарын анықтаудағы актуалды ақпараттық құралдарды қолдану. Мұндағы тиiмдi ақпараттық құрал деп отырғанымыз – плакаттар. Елiмiзде плакат салу өнерi 80-жылдардың соңына қарай жақсы дамыды. Әсiресе, бұл жылдары Арал теңiзiнiң проблемалары, Семей полигонының қоршаған ортаға зияндығы жайында халыққа ой салатын плакат жанрындағы туындылар дүниеге келдi. Ал театр қойылымдарының афишасы осы плакаттармен өрнектелдi. Бұл көрермен тартуда, қойылымның сюжетiн жарнамалауда өте тиiмдi болған едi. Бұдан кейiн плакат өмiршеңдiгiн жоғалтқан жоқ, атап айтар болсақ, бүгiнге дейiн өте актуалды тақырып – нашақорлыққа, iшiмдiкке салыну, сондай-ақ темекi шегудiң денсаулыққа зиянды екенiн терең мағынада көрсететiн плакаттар көше билбордтарынан орын тапқан. Сондықтан да, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуiн, ел әлеуетiнiң көтерiлуiн халыққа осы туындылар арқылы ұсынып отыр.

Сонымен қатар, саяси, экономикалық және әлеуметтiк, ақпараттық әдiстемелердi жетiлдiруге үлес қоспақ. Сайысқа қатысуға 91 ұсыныс түскен, соның iшiнен тақырыпқа сай жұмыстар iрiктелiп алынған. Жалпы, плакат салу өнерi өте жас деуге болады. ХХ ғасырдың басында жаңадан салына бастады, ал соғыс жылдарынан кейiн өмiршеңдiгi арта түстi. Плакаттар – қоғамға әсер ету мақсатында, керi байланыс жасау үшiн салынады. Себебi, көпшiлiктiң пiкiрi осы плакаттар арқылы бiлдiрiледi. Тiптi, көтерiлiске шыққан қауым да өз талаптарын осы плакаттар арқылы көпшiлiк назарына салып отырған. Плакат салу өнерi негiзiнен ТМД елдерiнiң iшiнде Польшада өте жақсы дамыған. Кеңестiк кезеңде де өмiршең болған туындылар бертiн келе жаңадан түсiрiлген фильмдердiң афишасына жиi қолданылады. Қазiргi таңдағы кез келген өнiмнiң де жарнамасы дәп осы плакат жанры арқылы таратылады.

Ал көрмеге қойылған жас суретшiлердiң үздiк туындылары Кедендiк одақ, индустриалды-инновациялық даму, парақорлықпен күрес, бiлiм беру және денсаулық сақтау салаларын насихаттауға арналған. Ендеше бұл жанр қашан да қоғам проблемасын шешуде негiзгi ақпарат көздерiнiң бiрi болып қала бередi.

"Түркiстан-ақпарат"

Серіктес жаңалықтары