Ұлттық банк Македонский бейнеленген коллекциялық монеталарды шығарады

/
Ұлттық банк Македонский бейнеленген коллекциялық монеталарды шығарады
Ұлттық банк

Қазақстан Ұлттық банкі «Ұлы қолбасшылар» сериясынан ALEXANDER THE GREAT коллекциялық монеталары сатыла бастайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Монетаны 2025 жылдың 29 шілдесінен бастап ҚҰБ-тың интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады.

Монета күмістен жасалған

Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған. Массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1 000 теңгелік, таралымы – 2000 (екі мың) дана, - деп жазылған хабарламада.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары