Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев (21-3-0) Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Даби қаласында UFC турнирінде шаршы алаңға көтеріліп, қарсыласынан басым түсті, деп хабарлайды turkystan.kz kazinform-ға сілтеме жасап.
Жекпе-жек үш раундқа созылып, қазақстандық файтер төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Айта кетерлігі, бұл Асу Алмабаевтың UFC турниріндегі алтыншы жекпе-жегі. Ол осыған дейін төрт айқасында жеңіске жетіп, соңғы жекпе-жегінде жеңіліс тапқан болатын.
- Ер жігіттің басына не келіп, не кетпейді. Міне, қазақтың көк туын тағы желбіретіп жатырмын. Очо, көп рақмет, қысқа уақытта жекпе-жекті қабылдағаныңа. UFC-де оңай қарсылас жоқ. Отбасыма және командама көп рақмет, - деді спортшы айқастан кейін.