Елімізде биыл 13,8 млн тонна жем-шөп дайындалды

/
Елімізде биыл 13,8 млн тонна жем-шөп дайындалды
istockphoto

25 шілдедегі жағдай бойынша 13,8 млн тонна жем-шөп дайындалды, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі. 

Бұл – жоспарланған көлемнің 53,8%-і. Сонымен қатар 1 млн тоннадан астам сүрлем дайындалды, бұл – жоспардың 59,9%-і.

"Республикалық жоспарға сәйкес, алдағы қысқы қора маусымына 24,5 млн тонна шөп, 1,7 млн тонна сүрлем, 4,6 млн тонна сабан, 5,5 млн тонна құрама жем және 2 млн тонна силос дайындау қажет", - деп хабарлады ведомство.

Биыл мал азығына арналған дақылдар егілген алқаптың жалпы көлемі – 3,3 млн гектар. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 127,9 мың гектарға артық.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары