IЛКI IЛIМНIҢ IЗБАСАРЫ

IЛКI IЛIМНIҢ IЗБАСАРЫ

IЛКI IЛIМНIҢ IЗБАСАРЫ
ашық дереккөзі
202

Бiздiң алдымыздажатқанкiтап – Хадис iлiмi (тарихы жәнеәдiснамасы).

Бұл – исламдiнiнiңқасиеттi Құран Кәрiмнен кейiнгi бiлiм бұлағы саналатын хадис iлiмiн, яғни, Аллаһ Елшiсiнiң (с.а.с.) сүннетiнтарихи әдiснамалық тұрғыдан жүйелi һәм арнайы зерттеген қазақ тiлiндегiт ұңғыш еңбек.

Әңгiмемiзге арқау қылып отырған кiтап авторы – Құрманбаев Қайрат. Ол Бүкiләлемдiк Ислам университетi (Ливия) "Исламға шақыру және ислам мәдениетi" факультетiнде оқып, жоғары бiлiм алған исламтанушы. Сондай-ақ, Египет, Түркия және өз елiмiздегi жоғары оқу орындарында бiлiмiн жетiлдiрген маман.

Зерттеушi Құрманбаев Қайрат өз еңбегiнде араб, түрiк тiлдерiндегi дереккөздерге жүгiне отырып, хадис iлiмiнiң дамуын, қалыптасуын, кейбiр хадис түрлерiн, олардың дұрыс және әлсiз болу себептерiн шебер бере бiлген.

Пайғамбар (с.а.с.) сүннетiнiң маңыздылығын да кеңiрек қамтыған авторы: "Аллаһ Тағала: "Расында сендер үшiн Аллаһты да, ақырет күнiн де үмiт еткендер және Аллаһты көп еске алған кiсiлер үшiн, Аллаһтың елшiсiнде көркем өнегелер бар", – аятымен өз елшiсiнiң сөздерi мен iс-амалдарын, өмiр жолын бүкiл мұсылмандарға үлгi-өнеге етiп бердi. Бұл адамдарды Пайғамбарымыздан (с.а.с.) үлгi алуға шақырған Аллаһ Тағаланың тiкелей бұйрығы", – деп Құран Кәрiмнен Аллаһ Елшiсiне бойсұнуға шақырған бiрқатар аяттарды тiзiп көрсетедi. Содан соң сүннеттiң шариғаттағы орны мен маңыздылығын Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сөзiмен әдемi әдiптейдi: "Менiң айтқанымды естiп, ұғынып, түсiнiп және (адамдарға қалай естiген болса, тап солай өзгертпей) жеткiзген адамның Аллаһ Тағала жүзiн нұрландырсын". Автор нақли, ақли дәлелдермен осы iспеттi ескертулердi ел есiне қайта салады.

Бұл еңбек әрқайсысы том-том кiтапқа жүк боларлық 4 бөлiмнен тұрады. Алғашқы бөлiмде хижраның I ғасыры, яки Пайғамбар мен сахабалар дәуiрiндегi хадис туралы айтылған. Хадистiң бастауы, дамуы, жазылуы, хадистердi алғаш жеткiзушi сахабалар және сол кезеңдегi хадистердiң таралуы қысқа да нұсқа һәм қызықты берiлген.

Ал екiншi бөлiмде – хижраның II ғасырындағы хадис iлiмiнiң қалыптасуы және оған түрткi болған себептер қарастырылыпты. Хадис iлiмiнiң қалыптасу кезеңiндегi ислам қоғамы, хадистегi жалғандықтың өршу себептерi, хадис жеткiзушiлердiң сенiмдi немесе сенiмсiздiгiн анықтайтын жарх және тағдил iлiмi, хадистердiң жинақталуы мен жүйеге келуi (тадуин және тасниф) жайындағы тың деректер алдық.

Хадистердiң жүйеге келтiрiлуiнiң алтын шағы: "Кутубу әс-ситтә" дәуiрiн (хижраның III ғасыры) үшiншi бөлiмнен оқып, хадис саласында алғашқы кезде жазылған танымал хадис жинақтары туралы мол мағлұматтарға көз жеткiздiк.

Автордың тағы бiр жаңалығы – Хадис терминологиясы iлiмiне тоқталуы деп ойлаймыз. Бiрқатар хадис түрлерiнiң қазақша анықтамалары мен нұсқаларын ұтымды қолданған зерттеушi хадистану саласындағы терминдер түсiнiгiн сөздiң түп-төркiнiне жақындатып айшықтайды. Мысалы, кейбiр жерлерде риуаят сөзi –хадис жеткiзу, рауи сөзi – хадис жеткiзушi деп келедi.

Қысқасы, Хадис iлiмi (тарихы және әдiснамасы) кiтабына автор Қ.Құрманбаев үлкен дайындық, iзденiстермен келген. Туындыны Қайраттың таза өз еңбегiмен шықты деуге толық негiз бар.

Бар-жоғы 3000 тиражбен шыққан кiтап тез тарап кеттi. Рухани сусап отырған халықтың, оқырманның бiрiне жетiп, бiрiне жетпегенi айтпаса да түсiнiктi.

Аллаһ Елшiсiнiң (с.а.с.) сүннетiнiң маңыздылығын жан-жақты түсiнуге зор септiгiн тигiзетiн осы кiтапты қайта басып шығарса, нұр үстiне нұр болар едi.

Әрi бұл "Нұр-Мүбарак" баспасынан, яғни елiмiздегi жалғыз ислам университетiнен шыққан бiрден-бiр салиқалы еңбек. Сондықтан ҚР Мәдениет министрлiгi жанынан құрылған "Ислам мәдениетi мен бiлiмiн қолдау қоры" жас ғалым Құрманбаев Қайраттың кiтабын қалың оқырманға жеткiлiктi тиражбен шығарып берсе деген тiлегiмiз бар. Және бұған Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениетi университетi, қала бердi Қазақстан Мұсылмандары дiни басқармасы мұрындық болса, қанеки.

Дiни басқарма демекшi, бұл кiтап сол мекемеге қатысты барлық мешiт имамдарына өте-мөте керек-ақ.

Сүннеттi жоққа шығарып, сан қилы ағым соңында адасып жүргендердiң тура жолға түсуiне де кең мүмкiндiк туар едi.

Күлпара ЖҰМАҒАЛИ

Серіктес жаңалықтары