ТӨРТ ҚҰБЫЛАНЫ ТЕҢ ҚАМТЫҒАН ТӨЛҚҰЖАТ

ТӨРТ ҚҰБЫЛАНЫ ТЕҢ ҚАМТЫҒАН ТӨЛҚҰЖАТ

ТӨРТ ҚҰБЫЛАНЫ ТЕҢ ҚАМТЫҒАН ТӨЛҚҰЖАТ
ашық дереккөзі
242

1986 жылғы солшыл саясаттың құрбаны болып кеткен қазақтың өрiмдей ұл-қыздары мен атпал азаматтардың бастамасымен, солардың қанымен, маңдай терiмен келген тәуелсiздiк ұғымы терең, тұлғасы биiк сөз. Желтоқсанның аязды күнiнде басталып, бет қарыған қытымыр қыста Алматыдағы Брежнев алаңының қаһары қазақ жастарының болат мiнезiн жасыта алмады. Бiр әттеген-айы, Димаш Ахметұлындай абыз, алып тұлғалы адамды бiр сәтте орнынан алып, қазақ даласының иiсi мұрнына келмейтiн Колбин сияқты кейiпкердi қасиеттi орынға отырғызуға наразы топты түртпектеп, арандатушылар мен кейiннен соларға үкiм кескен азаматтардың ұлттық рухтан жасқанбай келiп, билiк мiнберiне отырғанда қазақтың киесiнен аттап, адамгершiлiктен ада кетулерi едi.

Қаншама кедергi мен аяқтан шалуды бастан өткерсе де ерiк-жiгерi мықты халықтың ұл-қызы тәуелсiздiк туын желбiреттi. Ел елдiгiн алып, еңсесiн көтерген сәттен бастап, мемлекеттiң ең басты құжаты — Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. Осы күннен бастап Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасының Мемлекеттiк егемендiгi жарияланды. Алғаш қабылданған басты құжаттың кейбiр тарауларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлiп, 1995 жылдың 30-тамызында бүгiнгi қолданыстағы құжат қайта қабылданды.

Ерекше салтанат пен құрметке толы төлқұжатты елiмiздiң тұңғыш президентi Н.Ә.Назарбаев өз халқына жария еткен сәтiне тарих куә. КСРО бұғауынан босаған мемлекет өзiнiң көңiлiндей көк аспан түсiне қанатын күн сүйген қыранын шарықтатып туын, елдiң ырысына дарыған алтын дәнiн нұрға шомылдырып елтаңбасын белгiледi. Шәмшiдей бiртуар композитордың ондаған жылдар бұрын жазып кеткен шығармасын әнұран еттi. Кеше алаңда тұрған жастардың да аузында осы "Менiң Қазақстаным" болды. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерi – Туы, Елтаңбасы және Әнұранының сипаттамасы мен ресми пайдалану тәртiбi конституциялық заңмен бекiтiледi. Қасиеттi де киелi қазақ топырағындағы қуаныш әлемнiң әр тарапына сүйiншi болып ағылып, өз тәуелсiздiгiн жариялады.

Орнынан қаз тұрып, бұғанасы бекiп, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнығып келе жатқан елдiң басты құндылығы — адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары деп танылды. Республиканың азаматын ешқандай жағдайда да азаматтығынан, өзiнiң азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайтындығы ескертiлдi. Тоғыз бөлiмнен тұратын Конституцияда Қазақстан Республикасының азаматына толық жағдай жасалған. Олардың өмiр сүруiне, бiлiм алуына, қызмет жасауына және зейнетақыға шығып, демалуына мүмкiндiктер берiлген. Жасына, жынысына қарамай елдiң әр азаматына адам баласына қажеттi тұрмыстық техника мен құралдарды қолдануға, медициналық ем алу құқығы берiлдi.

Халқына қам жасап, жас ұрпақтың өскелең болашағын ойлаған мемлекеттi — президенттiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет деп таныды. Сан ғасыр бойы арман мен мұраттың жемiстi нәтижесi болып келген Республиканың егемендiгi оның бүкiл аумағын қамтитыны, мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлiнбеуiн қамтамасыз ететiндiгi құжатта көрсетiлдi.

Қазақстан Республикасының заң шығару қызметiн жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкiлдi органы — Парламент деп табылып, оның өкiлеттi мерзiмi — төрт жыл деп белгiлендi.

Биыл, тәуелсiздiгiмiздiң төлқұжаты Конституцияға он бес жыл толады. Дер уағында дұрыс таңдалған бағытты ұстанып, алыс-жақын шет елдерге танылып үлгерген Қазақстан дамыған, өркениеттi ел болып қалыптасуда. Мемлекет пен халықтың жағдайын кең қамтыған Конституция тармақтары бойынша тиiстi заңнамаларға сүйене отырып, ел игiлiгiне бағытталған игi iс-шаралар толассыз атқарылуының нәтижесiнде көршi елдерден экономикамыз озық шықты. Бүгiнгi таңда Қазақстан Республикасының экономикалық қаржы айналымына шыға алатын құнды қағазы — өзiндiк валютасы бар. Қаржы рыногында Қазақстан азулы мемлекеттермен бақталас, бәсекелес бола алды.

Халқының мәртебесiн бәрiнен жоғары қоятын, елi үшiн жүрегi адал соғатын елбасын таңдауда Қазақстан халқы жаңылған жоқ. Қазақ тарихындағы ұлы саясаткерлердiң қатарынан орын алған бүгiнгi Президентiмiз қабырғасын өзi қалаған егемен Қазақстанның нағыз жанашыры, көшбасшысы бола бiлдi.

130-дан аса ұлт мекен еткен мемлекеттiң iргесiн берiк, шаңырағын биiк, дастарқанына береке төгiп, тату ұстау кез келген адамның қолынан келе бермейтiн iс. Жалғыз қазақ емес, осынау ұлттардың да ұрпағын бiлiмге ұмтылдырып, шет елдерге оқуға жiберiп, тәжiрибе алмастырып, туған топыраққа қызмет етудiң де жолын тауып, бiлiмдi жастар үшiн "Болашақ" бағдарламасын қалыптастырды. Жетiлiп келе жатқан жас нәрестенiң де озық ойлы азамат болып өсуiне жағдай жасайтын "Балапан" бағдарламасы дүниеге келдi.

Мемлекеттiң көрiктi жерлерi мен сирек құбылыстарға ие мекендердi арнайы қорғауға алып, құндылықтарды бағалап, келер ұрпаққа аманат ету жолдарын қарастырды. Шұрайлы жерлерге туристiк демалыс орындарын салып, елiмiздiң саяхат туризм бағыты дамыды. Көрiктi мекендер ел абыройын асқақтатты.

Қазiр елiмiздегi халық дерлiк сауатты. Бiздегi бiлiм алу жүйесi заманға сай, өркениеттi мемлекеттермен пара-пар. Қарыштап даму мен жаңа үрдiстердi қабылдауға бейiм қазақ жұрты ғасырлар бойы аңсаған армандарына қолын жеткiздi.

Мемлекет қазақ елiнiң атын алып, шартарапқа Қазақстан болып танылған соң оның мемлекеттiк тiлi – қазақ тiлi болып бекiтiлдi. Бүгiнгi таңда туған ана тiлiмiзде 2000-нан аса ақпараттық басылымдар мен теле-радио бағдарламалары тарқатылады. Барлық ұлттық және аралас мектептерде қазақ тiлi мiндеттi пән ретiнде оқытылады. Өзгеден биiк, өзiңдiкiнен дара, абыройына айбары тең қазақ елiнiң Конституциясы қазақ рухы мен тiлiн аспанға көтерiп, мәртебесiн айқындап бердi.

Конституциялық заңнамалар бойынша бiздегi азаматтар тең құқылы. Яғни, заң бұзса жазалануы мен жауапқа тартылуы да шен мен шекпенге бөлiнбей, сот орындарының алдында кесiлген үкiммен шартты жазасын алады. Сондай-ақ, азаматтар ақ сүйектiк пен қара топ деп аражiгiн ажыратпай бiлiм алуға, өмiр сүруге, қызмет iстеуге тең құқылы. Конституциялық заңнама бойынша теңқұқылық жағдайын кешегi күнi Елбасы халықтар ассамблеясының ұсынған "Ұлт көшбасшысы" атағынан бас тартуымен дәлелдеп бердi. "Болатын елдiң баласы бiрiн-бiрi батыр" дейдi демекшi, елiне ерен еңбегi сiңген Президентiмiздiң өзi Конститутция талаптарын сақтап, мадаққа iлеспей, ұсынған атақтардан бас тартуының өзi халқына үлгi болды. Рас, ол кiсiнiң жақсылығы, бiлiм парасатын әңгiме ету артықтық етпейдi. Қандай атаққа немесе марапатқа ұсынса да лайық тұлға.

Конституциямызда көрсетiлгендей, елдiң тарихы, мәдениетi ерекше қорғауға алынып, КСРО кезiнде бұрмалауға түскен жер-су аттары сарапталып, ғасырлар қойнауынан келген тарихи дәлелдемелермен атаулары қайтарылды.

Қазақтың ұлан байтақ даласы кең қазыналы, байтақ, ырысқа толы аймақ. Мемлекеттiң байлығын, қазынасын, iшкi және сыртқы тәртiбiн, шет елдерге таныстырылуы түгелiмен заңды түрде қамтамасыз етiлген. Әлем картасынан ойып орын алған Қазақстанның төрт құбыласын түгел қамтыған бiрден-бiр құжатымыз — Конституция ел игiлiгiне әлi де ұзақ шарапатын тигiзiп, игiлiгiне жарары хақ.

Ғабиден Әбдiрайымов, Көлiктегi Оңтүстiк-Шығыс

IIД бастығының орынбасары полиция полковнигi

Серіктес жаңалықтары