Дауыл, жаңбыр: Ертең елімізде ауа райы қандай болады

/
Дауыл, жаңбыр: Ертең елімізде ауа райы қандай болады
istockphoto

«Қазгидромет» синоптиктері 2026 жылдың 27 сәуіріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Дүйсенбі күні еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, ертең еліміздің шығысында, түнде солтүстік пен орталықта, ал күндіз батыс пен оңтүстік-шығыста жауын-шашын болады.

Еліміздің басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады.  Сондай-ақ оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында да нөсер жаңбыр күтіледі. Батыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде бұршақ жауып, қатты дауыл тұруы мүмкін.

Еліміздің басқа аумақтарында жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары