Түркістан облысында тауда адасқан ер адам құтқарылды

/
Түркістан облысында тауда адасқан ер адам құтқарылды
Видеодан скриншот

Түркістан облысында құтқарушылар тауда өздігінен түсе алмай қалған ер адамды аман-есен алып шықты.

Облыстық ТЖД мәліметінше, 112 пультіне Қазығұрт ауданы Атбұлақ ауылы маңындағы таулы аймақта ер адамның қалып қойғаны туралы хабарлама түскен.

Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, қиын аумақта шамамен 10 шақырым жүріп өтіп, азаматты тапқан.

Құтқарушылар қажетті көмекті көрсетіп, ер адамды таудан түсіріп, қауіпсіз жерге жеткізді, – делінген хабарламада.

Зардап шеккен азаматқа медициналық көмек қажет болмаған.

Құтқарылған ер адам ТЖМ қызметкерлеріне жедел әрі кәсіби әрекеттері үшін алғыс білдірді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары